Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 60 «Об утверждении Методики по разработке Цифровой карты бизнеса»

Бұйрық · № 139 · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2025-no-60/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 60 «Об утверждении Методики по разработке Цифровой карты бизнеса» Күшіне енбеген 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 60 «Об утверждении Методики по разработке Цифровой карты бизнеса»

Күшіне енбеген Бұйрық № 139 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 60 «Об утверждении Методики по разработке Цифровой карты бизнеса»
Атауы (қаз.)
«Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
139
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
20.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 229786_840853.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039836
ЭКБ идентификаторы
229786
Редакция идентификаторы
229786_840853
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:02
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 20.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 60 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36351 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бизнестің цифрлық картасы Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерімен және ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде алынатын кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер негізінде қалыптастырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бизнестің цифрлық картасының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен өзге де көрсетілетін қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша ұсыну бағыты Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес «цифрлық үкімет» веб-порталында іске асырылады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші деңгей – алушылардың өтінімдерін қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдану арқылы өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қарсы міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы Бизнестің цифрлық картасында автоматты түрде жүзеге асырылады.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.