Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау»

Ереже · № 6/5 · қабылданған 30.06.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-6-2014-no-277/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау» Күшін жойған Ереже ·№ 6/5 ·30.06.2023
25.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау»

Күшін жойған Ереже ·№ 6/5 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 6 марта 2014 года № 27/7 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Темиртау и поселка Актау»
Атауы (қаз.)
Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27 сессиясының № 27/7 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/5
Қабылданған күні
30.06.2023
Көрсетілген редакция
25.07.2024 183433_712646.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KC646509
ЭКБ идентификаторы
183433
Редакция идентификаторы
183433_712646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:07

0 Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27

сессиясының № 27/7 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2579 болып тіркелген), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімге тақырып жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін анықтау туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесінде:
2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.»;
18-5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«18-5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.»;
Көрсетілген шешімге 1, 2, 3, 4-қосымшалар алып тасталсын.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы