Құжат мәтініне өту

О реализации постановления Верховного Совета Казахской ССР от 28 июня 1991 года "О порядке введения в действие Закона Казахской ССР "О земельной реформе в Казахской ССР"

Қаулы · № 821 · қабылданған 31.12.1991
Заңдық күші: Қолданыста · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-1991/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
О реализации постановления Верховного Совета Казахской ССР от 28 июня 1991 года "О порядке введения в действие Закона Казахской ССР "О земельной реформе в Казахской ССР" Қолданыста Қаулы ·№ 821 ·31.12.1991
31.12.1991 редакциясы
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1991. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реализации постановления Верховного Совета Казахской ССР от 28 июня 1991 года "О порядке введения в действие Закона Казахской ССР "О земельной реформе в Казахской ССР"

Қолданыста Қаулы ·№ 821 · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации постановления Верховного Совета Казахской ССР от 28 июня 1991 года "О порядке введения в действие Закона Казахской ССР "О земельной реформе в Казахской ССР"
Атауы (қаз.)
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
821
Қабылданған күні
31.12.1991
Көрсетілген редакция
31.12.1991 3842_270194.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.1991
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P9100000821
ЭКБ идентификаторы
3842
Редакция идентификаторы
3842_270194
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:50

0 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысын жүзеге асыру туралы

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті, облыстық атқару кометтеттері шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды, бағбаншылықты, бақшашылықты және мал шаруашылығын дамыту үшін арнаулы жер қорын жасау мақсатында 1992 жылы жерге түгендеме жүргізілуін, сондай-ақ селолық елді мекендердің шекарасы белгіленуін қамтамасыз етсін.

2

2. Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1994 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық қазіргі жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға жер учаскелерін иелену хұқын және оларды пайдалану хұқын беретін құжаттарды қайта ресімдейтін болсын.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысына сәйкес жер учаскелерін иелену хұқын және оларды пайдалану хұқын беретін құжаттарды қайта ресімдеуге өтінімдерді жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 1992 жылдың 1 шілдесіне дейін беруге тиіс.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті жылға бюджет жобасын жасаған кезде республикада жер реформасын жүргізуге қаржы бөлуді қарастырсын.

4 4. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы 1992 жылдан бастап жерге орналастыру қызметінің республиканың мемлекеттік тапсырысы құрамында жер реформасын жүргізуге арналған қажетті материалдық-техникалық ресурстарға деген қажетін көздейтін болсын.

5

5. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігімен бірлесіп 1992 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері мен шешімдерін "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңына сәйкестендіру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетіне ұсыныс енгізсін.

6

6. Қазақстан Республикасының министрліктері, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволары, мемлекеттік концерндері өздерінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңына қайшы келетін нормативтік актілерін 2 айлық мерзім ішінде қайта қарап, жоюды қамтамасыз етсін және нәтижесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарласын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тапсырылған материалдарды қорытып, 1992 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне баяндайтын болсын.

7

7. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті жұмыс істей бастағанға дейін жер реформасын жүргізу, жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылау жасау, жер, жер кадастры және жерге орналастыру мониторингін жүргізу жөніндегі хұқылар мен міндеттер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігіне табысталады деп белгіленсін.

8

8. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жер реформасын жүзеге асыру барысында жер алынып қойған жағдайда жер учаскелері алынған жер иеленушілердің ауылшаруашылық өніміне берілген мемлекеттік тапсырыстың көлеміне түзету енгізіледі деп белгілегені ескеріліп, басшылыққа алынсын.

Қолданыстағы