О внесении дополнения и изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 июля 1995 г. N 1035
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 июля 1995 г. N 1035
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 994
- Қабылданған күні
- 18.06.1997
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2011 AI82172_5.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P970000994_
- ЭКБ идентификаторы
- 82172
- Редакция идентификаторы
- AI82172_5
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:03
0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң Үкіметінiң 12.08.2000. № 1253 қаулысымен.
Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру және экспорттаушылар үшiн қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ сыртқы сауданың нормативтiк базаларын қолданылып жүрген халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларының (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап биржалық мәмiлелер жасағандығы туралы куәлiктi мiндеттi түрде ұсынбастан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысымен бекiтiлген биржалық тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға құқығы бар деп белгiленсiн.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) биржалық мәмiле жасағандығы туралы куәлiк ұсынбастан биржалық тауарларды әкетуге рұқсат етсiн";
7, 8-тармақтар тиiсiнше 9, 10-тармақтар болып есептелсiн.