Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 28 апреля 1995 г. N 2247 и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 2394 · қабылданған 30.07.1995
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-1995-n-2247-ekb-3920/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 28 апреля 1995 г. N 2247 и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 2394 ·30.07.1995
30.07.1995 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 28 апреля 1995 г. N 2247 и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 2394 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 28 апреля 1995 г. N 2247 и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу және кейбiр актiлердiң күшi жойылған деп тану туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2394
Қабылданған күні
30.07.1995
Көрсетілген редакция
30.07.1995 3920_543327.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U9500002394
ЭКБ идентификаторы
3920
Редакция идентификаторы
3920_543327
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:32

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу және кейбiр актiлердiң күшi жойылған деп тану туралы

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ I-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығының 16-бабы I-тармағының тоғызыншы абзацы "6-7" цифрынан кейiн "14" цифрымен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына Жарлықтарының күшi жойылған деп танылсын:

"Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, қатысушыларына, интернационалист-жауынгерлерге, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң семьяларына қосымша жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1990 жылғы 26 сәуiрдегi N 2 Жарлығы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 19, 207-құжат);
"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденiнiң толық иегерлерiне қосымша жеңiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 мамырдағы N 1194 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,N 15, 174-құжат);
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 1804 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 32, 348-құжат);
"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 10 сәуiрдегi N 2190 Заң күшi бар Жарлығы.

3. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы