Об утверждении Правил использования электронной избирательной системы в части не регламентированной Конституционным законом Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования электронной избирательной системы в части не регламентированной Конституционным законом Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Электрондық сайлау жүйесін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 128/164
- Қабылданған күні
- 17.08.2004
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2014 AI21071_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003038_
- ЭКБ идентификаторы
- 21071
- Редакция идентификаторы
- AI21071_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:47
0 Электрондық сайлау жүйесін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына және 50-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) бекітілсін.
2 2. Осы қаулы басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
0 Электрондық сайлау жүйесін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелері
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2004 жылғы 18 тамыздағы
№ 128/164 қаулысымен
бекітілген
Электрондық сайлау жүйесін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдалану ережелері
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беру кезінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының нормалары, төмендегідей ерекшеліктерді ескере отырып, қолданылады.
1 1. Дауыс беруге арналған үй-жайды безендіру
1 1. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 09.12.2014 № 23-251 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2. Сайлау комиссияларының үй-жайларында электрондық сайлау жүйесінің жабдықтарын сақтау үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі.
3
3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылған жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың ішінде: сайлаушыға дауыс беруге арналған терминалды қалай пайдалану керектігін түсіндіретін нұсқаулық, осы Ережелерге 1-қосымшаға сай экранында электрондық сайлау бюллетені көрсетілетін дауыс беруге арналған терминал орналастырылады. Электрондық сайлау бюллетенінде кандидаттардың тегі, аты, әкесінің аты, сайлау бюллетеніне енгізілген және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың атаулары көрсетіледі.
2 2. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу
4 4. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен:
1 1) электрондық сайлау жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексереді;
2
2) сайлаушыларды есепке алуға, осы Ережелерге 2-қосымшаға сай электрондық дауыс беруге арналған құрылғыларды - сайлаушының электрондық карточкаларын беруге жауапты және осы сайлау учаскесіне келген, бірақ сайлаушылардың тізімдерінде жоқ сайлаушылар туралы деректерді нақтылау үшін округтік немесе облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларымен байланыста болатын комиссия мүшелерін айқындайды;
3 3) алып тасталды – ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 01.12.2005 N 50/105 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4-1
4-1. Дауыс беру басталғанға дейін сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін іске қосудың мөр басылып жабылған паролін ашады және оны енгізу жолымен электрондық сайлау жүйесін іске қосады. Бұл ретте парольдің сақталу шараларының бүтіндігіне алдын-ала көз жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.
5 5. Сайлау комиссиясының төрағасы сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайындағы сайлаушылардың бір мезгілдегі санын реттейді.
Сайлаушылардың саны электрондық бюллетеньдердің санынан асып кеткен жағдайда, сайлаушылардың дауыс беруді жүзеге асыруына кедергі келтірілмейтіндей етіп, кезекке тұру белгіленеді.
3 3. Сайлау учаскесінде дауыс беруге жіберу
6 6. Сайлаушылардың тiзiмiнде тiркелген сайлаушы сайлау комиссиясының мүшесiне жеке куәлiгiн көрсетедi.
7 7. Сайлау комиссиясының мүшесi штрих-кодты оқу немесе сайлаушы туралы деректердi енгiзу арқылы алынған және компьютер экранында пайда болған мәлiметтердi сайлаушының жеке куәлiгiнде көрсетiлген мәлiметтермен салыстырып тексередi.
8 8. Салыстырып тексеру оң нәтиженi көрсетсе, сайлаушы iске қосылған электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) алады.
9 9. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 16.09.2005 N 17/39 қаулысымен.
4 4. Сайлау учаскесінде дауыс беру
10 10. Электрондық дауыс беруді сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда Конституциялық заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге адамдардың қатысуына тыйым салынады.
11 11. Дауыс беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалға салады. Электрондық сайлау бюллетенiнiң экранында (бұдан әрi - экран) дауыс беруге шақыру пайда болған соң, сайлаушы тиiстi жазулар пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы дауыс беру тiлiн, содан кейiн өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын таңдайды.
Сайлаушы саяси партиялар үшін дауыс бергенде тиісті саяси партияның атауы пайда болатын орындардағы экранға басу арқылы дауыс беру рәсімін қайталайды.
Сайлаушы дауыс санауда өз дауысының дұрыс есептелгенін тексергісі келсе, ол мынадай іс-әрекет жасайды: экранда оның дауысы қабылданғаны туралы және "Спасибо", "Рахмет" деген жазулар пайда болысымен, бірден "1"- және "2"- кнопкаларды кез келген реттілікте басады. Экранда төрт орынды сан (сайлаушының тексеру коды) пайда болады, ол оны жадында сақтайды не жазып алады. Бұл сан учаскелік сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына қоса берілетін басылымға жазылатын болады.
12
12. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны (сайлаушының электрондық карточкасын) дауыс беруге арналған терминалдан шығарады және оны сайлаушының көзінше дереу, дауыс беру нәтижелерін учаске компьютеріне есепке қосу үшін осы Ережелерге 3-қосымшаға сай жинақтаушыға салатын сайлау комиссиясының мүшесіне береді.
13 13. Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келе алмайтын және үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді өтініп жазбаша арыз берген сайлаушылар тасымалданатын электрондық бюллетеннің көмегімен дауыс береді.
Берілген өтініштерге сәйкес, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беретін сайлаушылар туралы деректерді, учаскелік сайлау комиссиясы кемінде 200 сайлаушыға арналған жады бар тасымалданатын электрондық бюллетеньге енгізеді. Дауыс беру Конституциялық заңның 41-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі.
14
14. Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергі келтіретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешім қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресімделеді және оған сайлау комиссиясының мүшелері қол қояды. Бұл шешімнің орындалуы электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін маманға жүктеледі.
15 15. Егер жабдықтың техникалық жай-күйі сайлауды тиісті дәрежеде өткізуге мүмкіндік бермесе, онда тиісті сайлау учаскесінде дауыс беру Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен ақауларды жоюға және дауыс беруді ұйымдастыруға қажетті мерзімге кейінге қалдырылады.
5 5. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланған кезде дауыстарды санау
16 16. Электрондық дауыс беруді пайдаланған кезде дауыстарды санау электрондық сайлау жүйесімен жүргізіледі.
17 17. Дауыстарды санау, Конституциялық заңның 50-6-бабына сәйкес, осы учаскеде дауыс беру аяқталысымен дереу жүзеге асырылады, бірақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғыларда қамтылған деректер электрондық сайлау жүйесіне енгізілмей тұрып басталмауы керек.
18 18. Дауыстарды санау туралы мәліметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тіркелуге тиіс.
19 19. Сайлау комиссиясының мүшелері қол қойған электрондық хаттаманың қағаздағы көшірмесі сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілінеді және үй-жайда екі күн бойы тұрады.
Электрондық хаттаманың көшірмесіне өздерінің дауыстары есептелуінің дұрыстығын тексергісі келетін сайлаушылар үшін төрт орынды нөмірлермен (сайлаушының тексеру коды) басылым қоса тіркеледі.
20 20. Сайлау учаскесіндегі электрондық дауыс беру нәтижелері туралы ақпарат электрондық жүйемен электрондық хаттамаға енгізіліп, ол комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
21 21. Дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тілегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, тиісті сайлау комиссиясының мөрімен расталған, электрондық дауыс беру нәтижелері туралы электрондық хаттаманың қағазға түсірілген көшірмесі беріледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2004 жылғы 18 тамыздағы
N 128/164 қаулысымен бекітілген
электрондық сайлау жүйесін
Қазақстан Республикасының
"Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы" Конституциялық
заңымен реттелмейтін бөлігінде
пайдаланудың тәртібі жөніндегі
Ережелерге қосымша
Электрондық сайлау жүйесін
"Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы"
1 Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі
Конституциялық заңымен
реттелмейтін бөлігінде
пайдалану ережелеріне
1-қосымша
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беру кезінде қолданылатын дауыс беру терминалы (суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Электрондық сайлау жүйесін
"Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы"
2 Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі
Конституциялық заңымен
реттелмейтін бөлігінде
пайдалану ережелеріне
2-қосымша
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беру кезінде қолданылатын сайлаушының электрондық карточкасы (суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Электрондық сайлау жүйесін
"Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы"
3 Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі
Конституциялық заңымен
реттелмейтін бөлігінде
пайдалану ережелеріне
3-қосымша
Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беру кезінде қолданылатын жинақтаушы (суретті қағаз мәтінінен қараңыз)