Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О работе акима Зайсанского района по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1998 года N 812 "О мерах по дальнейшему реформированию системы оразования в Республике Казахстан"

Өзге акт · № 662-к · қабылданған 29.03.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-1998-n-812-ekb-2807/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О работе акима Зайсанского района по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1998 года N 812 "О мерах по дальнейшему реформированию системы оразования в Республике Казахстан" Күшін жойған 29.03.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О работе акима Зайсанского района по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1998 года N 812 "О мерах по дальнейшему реформированию системы оразования в Республике Казахстан"

Күшін жойған Өзге акт № 662-к 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О работе акима Зайсанского района по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1998 года N 812 "О мерах по дальнейшему реформированию системы оразования в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданы әкімінің "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы қаулысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
662-к
Қабылданған күні
29.03.1999
Көрсетілген редакция
29.03.1999 2807_260811.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99V0000168
ЭКБ идентификаторы
2807
Редакция идентификаторы
2807_260811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Зайсан ауданы әкімінің "Қазақстан Республикасында орта білім

жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы
қаулысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
"Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау
жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28
тамыздағы N 812 қаулысын жүзеге асыру туралы Зайсан ауданының
әкiмi Б.Т.Жанақовтың есебiн тыңдап және талқылап, алқа ауданда оқумен
жаппай қамту, бiлiм мекемелерiнiң жүйелерiн жетiлдiру жөнiнде белгiлi
жұмыс жүргiзiлуде деп атап көрсетедi. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларының
балаларына 1,5 млн.теңге көмек көрсетiлдi, 872 оқушы киiммен, аяқ киiммен
көмек алды. Мектептерден алыс 4 елдi мекендерден балаларды жеткiзудi
ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттен 162 мың теңге бөлiндi.
Осының бәрi үстiмiздегi оқу жылында мектеп жасына дейiнгi 47 баланы
мектепке қайтаруға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi уақытта мектеп жасына дейiнгi барлық балалар оқумен қамтылды.
Мұнымен қатар ауданның бiлiм жүйесiн реформалаудың жеке бағыттары
шұғыл шаралар қолдануды талап етедi.
Бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi пайдалану, бiлiм мекемелерi жүйелерiн
жетiлдiру мәселелерiне тиiстi назар аударылмаған. Ауданда бiр оқушыны
ұстау құны 19,2 мың теңге, ал облыс көрсеткiшiнде - 17,1 мың теңге, жеке
мектептерде - 30 мың теңгеден 66 мың теңгеге дейiн. Аудан бойынша
сыныптар-комплектiлерiнiң орташа толықтырылуы облыстық көрсеткiштен 11,8%
төмен, жеке мектептерде, әсiресе Зайсан қаласында 21,9% төмен.
Әрбiр мектептiң жанында жаппай бiлiм беру қорын құру туралы талап
орындалмауда. Оқушылардың ыстық тағамын ұйымдастыру үшiн барлық резервтер
пайдаланылмаған, олардың тек 38 процентi шектi ассортименттi буфет өнiмiн
алуда.
Ауданның бiлiм бөлiмi тарапынан бiлiм берудiң мазмұнына бақылау жасау
жеткiлiксiз.
Оқушылардың небәрi 4,2 процентiнiң (облыс бойынша 10%) жеке пәндердi
терең оқуға мүмкiндiктерi бар. Ауданның бiрқатар мектептерiнде жағдайдың
жоқтығынан бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарты орындалмауда, факультативтi
жүргiзiлмейдi.
Компьютерлiк техникамен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 4,3, ал орта
есеппен облыста - 5,5. Мектептердi компьютерлендiру тек Үкiметтiк
бағдарлама қаражаттары есебiнен (Азияның даму Банкiсiнiң жүйесi бойынша)
жүргiзiлуде, жергiлiктi бюджет есебiнен бiрде-бiр компьютер алынған жоқ.
5-7 жастағы балаларды мектепке бару алдында даярлау талаптарға сай
емес.
Болашақ бiрiншi сынып оқушыларының тек 3 процентiнiң қажеттi даярлық
алуға мүмкiндiгi бар. Мектепке бару алдында даярлықтан өтуге мұқтаж үш мың
балаға бюджетте қаражаттар көзделмеген.
Кәсiптiк бiлiм беру құрылымы мен әдiстемесi жаңартуды талап етедi.
Жалпы бiлiм мектептерiнде кәсiптiк терең даярлау, еңбек дағдыларына
үйрену үшiн жағдай жасалмауда, ал қолдағы бар кәсiптiк-техникалық мектеп
тек 25 процент жұмыспен қамтылған.
Ауданның жұмыспен қамтылмаған халқын оқыту мәселелерiнде кәсiптiк
техникалық училищесiнiң жұмыспен қамту қызметiмен тиiстi қарым-қатынасы
жоқ.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Зайсан ауданының әкiмi Б.Т.Жанақовтың орта бiлiм жүйесiн одан әрi

реформалау жөнiндегi есебi еске алынсын.

2. Зайсан ауданының әкiмi 1999 жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде

аталған кемшiлiктердi жою жөнiнде нақты шаралар қолдансын:

1) ауданның бiлiмiне көзделген бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану

мақсатында сыныптар-комплектілерiнiң толықтырылуы, бiр оқушыны оқыту құны,
штаттық кесте нормативi облыстық көрсеткiштерге сәйкес келтiрiлсiн;

2) мектептердi компьютерлендiру, қолдағы бар компьютерлiк техниканы

оқу-тәжірибе жұмысына енгiзу мәселелерi ерекше бақылауға алынсын;

3) әрбiр жалпы бiлiм мектебiнде жаппай бiлiм беру қоры құрылсын, оның

мақсатты пайдаланылуы қамтамасыз етiлсiн;

4) барлық 5-7 жастағы балалар үшiн Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт

Министрлiгi бекiткен "Мектеп алдындағы даярлау бағдарламасына" сәйкес
мектеп алдындағы даярлық ұйымдастырылсын.

3. Облыстық бiлiм департаментi (Байхонова С.З.), Зайсан аудандық

бiлiм бөлiмiмен бiрге мына проблемаларды шешудi ерекше бақылауға алсын
және 20 мамырға дейiн оларды шешудiң нақты жолдарын белгiлесiн:

1) бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес ғылым негiздерiн

оқыту сапасын жетiлдiрсiн, инновациялық оқу орындарының жүйелерiн
дамытсын, мемлекеттiк емес мектептер құрсын;

2) ақылы бiлiм қызметiн дамыту, демеушiлiк, ата-аналар қоғамы

қаражаттарын қатыстыру, қайырымдылық акцияларын өткiзу есебiнен бiлiм
жүйесiне бюджеттен тыс қаражаттарды тарту үшiн ауданда бар резервтер
пайдаланылсын;

3) мектеп жасындағы балалар жаппай орта бiлiм берумен қамтылсын, оқу

орындары басшыларының, бiлiм бөлiмi мамандарының осы мәселе бойынша
есептерi үзбей тыңдалсын;

4) оқушылар, әсiресе аз қамтамасыз етiлген отбасыларының оқушылары

қосымша қаражаттарды пайдалану есебiнен ыстық тағаммен неғұрлым толық
қамтылсын.
Жазғы кезде оқушылардың мектеп жанындағы учаскелерде, бекiтiлген жер
үлестерiнде көкөнiс, картоп, жемiс дақылдарын өсiру жөнiндегi жұмысы
ұйымдастырылсын.

4. Облыстық жұмыспен қамту орталығы-еңбек биржасы (Набоков Ю.Ф.)

Зайсан ауданының әкiмiмен бiрге жұмыспен қамту қызметiнiң қаражаттары
есебiнен N 23 кәсiптiк-техникалық мектеп негiзiнде оқушыларды кәсiптiк
даярлау және ауданның жұмыспен қамтылмаған халқын оқыту жөнiнде аймақтық
орталық құру туралы мәселенi пысықтасын.

5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi атап көрсетiлген кемшiлiктерге

жергiлiктi жерлерде талдау жасасын және оларды жою жөнiнде шара қолдансын.

6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы

әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.