Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136

Қаулы · № 881 · қабылданған 19.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2000-n-136-ekb-20990/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136 Күшін жойған Қаулы ·№ 881 ·19.08.2004
21.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136

Күшін жойған Қаулы ·№ 881 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
881
Қабылданған күні
19.08.2004
Көрсетілген редакция
21.01.2012 AI20990_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000881_
ЭКБ идентификаторы
20990
Редакция идентификаторы
AI20990_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:46

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы

Шетел азаматтарының паспорттарын тiркеу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
11-1-тармақта:
төртiншi абзац алынып тасталсын;
бесiншi абзац "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының бесiншi абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдiк азаматтардың паспорттары тiркеледi.
Iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi, тiркеу құқығы берiлген қонақ үйлер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және қонақ үйлерде шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады".
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кiру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi.".

2 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Кедендiк бақылау агенттігі және Көлiк және коммуникациялар министрлiгi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

3 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы