О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 756
- Қабылданған күні
- 20.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2012 AI24793_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000756_
- ЭКБ идентификаторы
- 24793
- Редакция идентификаторы
- AI24793_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:30
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.";
13-тармақта "шетелдiк азаматтар" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
23-тармақта:
бiрiншi абзац "рұқсат беруден" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
36-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдiк азаматтарды кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.".