Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года № 136 и от 12 июля 2000 года № 1063

Қаулы · № 166 · қабылданған 03.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2000-no-136-12-2000-no-1063/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года № 136 и от 12 июля 2000 года № 1063 Күшін жойған Қаулы ·№ 166 ·03.03.2010
26.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года № 136 и от 12 июля 2000 года № 1063

Күшін жойған Қаулы ·№ 166 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года № 136 и от 12 июля 2000 года № 1063
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
166
Қабылданған күні
03.03.2010
Көрсетілген редакция
26.08.2013 AI51183_4.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000166_
ЭКБ идентификаторы
51183
Редакция идентификаторы
AI51183_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:52

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
кіріспенің екінші абзацындағы «Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» деген сөздерден кейін «, «Босқындар туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) босқын куәлігі.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.»;
10-тармақта:
бірінші абзацтағы «Жеке басты куәландыратын құжаттарды,» деген сөздердің алдынан «Босқын куәлігінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Босқын куәлігін босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.»;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«босқын мәртебесін беру туралы қолдаухаттың негізінде беріледі.»;
29-тармақ үшінші абзацтағы «азаматтығы жоқ адамдар» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«шетелдіктер және босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдар»;
30-тармақта:
бірінші абзацтағы «Тіркеуге жататын адамдар» деген сөздердің алдынан «Босқындарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Босқындар уәкілетті органда тіркелу үшін бес күн мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган берген тіркеуге арналған жолдама;
уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат.».

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы