Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 сентября 2000 года № 393-п "Об утверждении Инструкции о порядке предоставления недропользователями в органы Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды геологической информации по работам на Контрактных территориях"

Бұйрық · № 90-п · қабылданған 09.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2000-no-393/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 сентября 2000 года № 393-п "Об утверждении Инструкции о порядке предоставления недропользователями в органы Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды геологической информации по работам на Контрактных территориях" Күшін жойған Бұйрық ·№ 90-п ·09.09.2005
01.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 сентября 2000 года № 393-п "Об утверждении Инструкции о порядке предоставления недропользователями в органы Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды геологической информации по работам на Контрактных территориях"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 90-п · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 сентября 2000 года № 393-п "Об утверждении Инструкции о порядке предоставления недропользователями в органы Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды геологической информации по работам на Контрактных территориях"
Атауы (қаз.)
"Жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң мiндетiн орындаушының 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 393-б бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
90-п
Қабылданған күні
09.09.2005
Көрсетілген редакция
01.07.2009 AI25464_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003875_
ЭКБ идентификаторы
25464
Редакция идентификаторы
AI25464_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:24

0

"Жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң мiндетiн орындаушының 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 393-б бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1

1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 393-б бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1272 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлсiн:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығын бекiту туралы";
1-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығы бекiтiлсiн";
2-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақта "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы Нұсқаулықта (әрi қарай - Нұсқаулық):
атауы келесi редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығы";
1-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
"1. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына сәйкес, жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша қаржы көздерiне тәуелсiз, жер қойнауы туралы геологиялық және басқа да ақпарат мiндеттi түрде, тағайындалған тәртiп бойынша, ақысыз геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органға сақтауға, жүйелеуге және қорытым шығаруға жiберiледi";
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақта:
"аймақтық басқарма" деген сөздерден соң "геология және жер қойнауын пайдалану (әрi қарай - аймақтық басқарма)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазгеоақпарат" РГАО" деген сөздер "Қазгеоақпарат" Республикалық геологиялық ақпарат орталығы (әрi қарай - "Қазгеоақпарат" РГАО)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтарда "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"Аумақтық басқарудың ҒТК (Аумақтық басқару ҒТК хаттамасы)" деген сөздер "Аумақтық басқарудың Ғылыми техникалық кеңесi (бұдан әрi - ҒТК)" деген сөздермен, "Комитеттiң ҒТК" деген сөздер "Аумақтық басқарудың Ғылыми техникалық кеңесiнде (бұдан әрi - ҒТК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Комитеттiң ҒТК" деген сөздер "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органның Ғылыми техникалық алқасының (бұдан әрi - ҒТА)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
"Келiсiм-шартта көзделiнген барлық жұмыстар аяқталғаннан соң, жер қойнауын пайдаланушы, Келiсiм-шарттың әрекеттiк мерзiмi бiтпей тұрып, аймақтық басқармаға Келiсiм-шартты аумақта жүргiзiлген геологиялық зерттеулер туралы қағаз және магниттiк тасымал түрлерiнде кесiмдi есепнама ұсынады. Кесiмдi есепнама ҒТК қаралып, Комитетке жiберiледi. Комитет есепнаманы ҒTA қарайды да, ҒТА хаттамасын қоса берiп, оны "Қазгеоақпарат" РГАО сақтауға жiбередi. Есепнаманың бiр данасы сақталуға аймақтық басқармаға жiберiледi. Осы Нұсқаулыққа қоса берiлген Тұрпатты тiзбеге сәйкес, аймақтық басқармаға сақталуға және де бастапқы материалдар да жiберiледi";
Нұсқаулыққа қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында "Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы" деген сөздер "Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап он күн күнтізбелік күн толғаннан кейін қолданысқа енгізіледi.

Қолданыстағы