Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2001 года N 1753

Қаулы · № 1201 · қабылданған 29.11.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2001-n-1753/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2001 года N 1753 Күшін жойған Қаулы ·№ 1201 ·29.11.2003
20.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2001 года N 1753

Күшін жойған Қаулы ·№ 1201 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2001 года N 1753
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1201
Қабылданған күні
29.11.2003
Көрсетілген редакция
20.03.2009 AI17635_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030001201_
ЭКБ идентификаторы
17635
Редакция идентификаторы
AI17635_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:46

0 Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1

1. "Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 589-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
1-тармақ "тiзбесi" деген сөзден кейiн "(бұдан әрi - Тiзбе)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Гранттарды тарту және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк органдар Тiзбеге енгiзуге ұсынатын ұйымдар қызметiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 10-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi iс шараларды өткiзгеннен кейiн орынды жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейiн Тiзбеге толықтырулар енгiзу туралы тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi деп белгiленсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiнде:
"Халықаралық ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 48-2, 48-3, 48-4-тармақтармен толықтырылсын;
"48-2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО)
48-3. Ядролық сынақтарға жалпыға бiрдей тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)
48-4 ЖҚТБ-ға, туберкулезге және малярияға қарсы күрес жөнiндегi жаһандық қор";
"Мемлекеттiк ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 76-1 және 76-2-тармақтармен толықтырылсын:
"76-1. "Ядролық қатердi азайту жөнiндегi бастама (NTI)" американ қоры
76-2. Американ азаматтық зерттеулердi дамыту қоры (CDRF)";
"Шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар және қорлар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 152 және 153-тармақтармен толықтырылсын:
"152. "United Way International" корпоративтiк қоры
153. "IССО" нидерланд қоры (Дамушы елдермен ынтымақтастық орнатуға арналған шiркеуаралық ұйым)".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы