О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2001 года №16-2 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Зайсанского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2001 года №16-2 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Зайсанского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 52/6-VIII
- Қабылданған күні
- 04.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2026 I229916_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26VK00526M
- ЭКБ идентификаторы
- 229916
- Редакция идентификаторы
- I229916_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 12.09.2026 03:31
0 Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық
мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы
«Зайсан аудандық мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту
туралы» №16-2 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №16-2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Зайсан аудандық мәслихатының
2026 жылғы 4 қыркүйектегі
№52/6-VIII шешіміне
қосымша
Зайсан аудандық мәслихатының
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
№16-2 шешімімен
бекітілген
«Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мәслихат аппараты) Зайсан аудандық мәслихатымен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие аудандық бюджет есебінен ұсталатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, аудандық мәслихаттың Регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мәслихат аппаратының құрылтайшысы Зайсан аудандық мәслихаты (бұдан әрі-аудандық мәслихат) болып табылады.
4. Мемлекеттік тілдегі толық атауы «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
5. Мемлекеттік мекеменің мекенжайы: индексі 070700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 54.
2-тарау. Мәслихат аппаратының заңдық мәртебесі
6. Мәслихат аппаратының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, қазынашылық органдарында шоттары болады.
7. Мәслихат аппараты басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
8. Мәслихат аппараты өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің билігіндегі ақшамен жауапты. Мәслихат аппаратында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жауапкершілікте болады. 9. «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, мәслихат аппаратының құрылымын және оны ұстауға қажетті материалдық-техникалық шығындарын заң актілерімен белгіленген штаттық шекті саны мен қаражаты шегінде аудандық мәслихат бекітеді.
10. Мәслихат аппаратының қаржы шаруашылық қызметін бақылауды заңдылықтарда белгіленген тәртіппен уәкілетті органдар жүргізеді.
11. Мәслихат аппараты азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
12. Мәслихат аппаратының азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
13. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
14. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
3-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
15. Өкілеттіктері:
1) Міндеттері:
- аудандық мәслихатты және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін жүзеге асыруына көмек жасау.
2) Құқықтары:
- мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де заңды және жеке тұлғалардан белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат пен өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін және аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін іске асыру қызметтері бойынша қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
16.Фунциялары:
1) аудандық мәслихаттың және органдарының отырыстарының сапалы дайындалуын, өткізілуін қамтамасыз ету;
2) аудандық мәслихаттың және оның органдарының отырыстарының құжаттарын рәсімдеу, тіркеу, тиісті орындарға жолдау;
3) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялардың қаулылары жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу;
4) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық шешімдерді рәсімдеу, мемлекеттік тіркеу үшін Әділет органдарына жолдау және ресми жариялау;
5) шешімдер және қаулылар жобалары мен депутаттық сауалдарды дайындау кезінде депутаттарға құқықтық көмек көрсету;
6) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда аудандық мәслихат мүдделерін қорғалынуына көмек жасау;
7) саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден жоғары тұрған сайлау комиссияларынан, сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, тіркеу және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру;
8) аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттарының жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді және уақытында қаралуын қамтамасыз ету;
9) қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылаудың өзге де нысандарын өткізуді қамтамасыз ету;
10) аудандық мәслихат пен оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру;
11) аудандық мәслихат пен оның аппаратының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу;
12) аудандық Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
13) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру;
14) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпиялылық режимінің сақталуын және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету.
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету;
16) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Мәслихат аппаратына осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
4-тарау. Мәслихат аппаратын басқару
18. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасауды мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
19. Мәслихат аппаратының басшысын аудандық мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
13) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
14) шарттар жасайды;
15) сенімхаттар береді;
16) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
17) банк шоттарын ашады;
18) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
19) техникалық қамту қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, жұмыстан босатады;
20) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
21) мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
22) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-тарау. Мәслихат аппараты мүлкінің құрылу тәртібі
21. Мәслихат аппаратының мүлкі оған берілген мемлекет мүлкінің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай–ақ құны мәслихат аппаратының теңгерілімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
22. Мәслихат аппаратының мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі коммуналдық меншікке жатады.
23. Мәслихат аппаратында пайда әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған пайда мемлекеттік бюджетке алынады.
24. Мәслихат аппараты заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде өзіне өткізіліп берілген және сатып алынған мүліктерге иелік етеді.
25. Мәслихат аппараты өзіне берілген негізгі қорларды дербес иеліктен шығаруға, сметалық қаражатты және мемлекеттік мүлікті Қазақстан Республикасының мемелекеттік мүлікті басқару жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәсілдерден өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
26. Мәслихат аппараты бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады. 27. Мәслихат аппаратының қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
6-тарау. Мәслихат аппаратындағы жұмыс тәртібі
28. Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі аудандық мәслихат төрағасы бекітетін ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Мәслихат аппаратының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу аудандық мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады, және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақтық тіркеу органдарында тіркеледі.