О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета по связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 марта 2003 года N 38-п "Об утверждении Правил распределения и использования ресурсов нумерации сетей телекоммуникаций Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета по связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 марта 2003 года N 38-п "Об утверждении Правил распределения и использования ресурсов нумерации сетей телекоммуникаций Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 160-п
- Қабылданған күні
- 31.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2009 AI24608_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003701_
- ЭКБ идентификаторы
- 24608
- Редакция идентификаторы
- AI24608_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:39
0
"Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 38-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2262, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-ө және 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 100-ө бұйрықтарымен енгізілген өзгертулері мен толықтыруларына, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде NN 3490 , 3617 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесінде:
13-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
"Телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурсын бөлу өтінімдегі көрсетілген нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде бөлінеді. Нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде қалған бөлігі нөмірлеу ресурсын алушыға резервленеді және іс-әрекет ету шамасына қарай бөлініп отырады.";
19-тармақтың 1) тармақшасындағы "телефондық желі" деген сөз "телекоммуникация желілері" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшаның үшінші абзацында "құжаттарды берген күнінен бастап" деген сөзінен кейін ", сонымен сәйкес құжаттар түсіндірме жазбада көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін байланыс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі" деген сөздермен толықтырылсын.