Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года N 407

Қаулы · № 1004 · қабылданған 29.09.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2003-n-407-ekb-21387/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года N 407 Күшін жойған Қаулы ·№ 1004 ·29.09.2004
12.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года N 407

Күшін жойған Қаулы ·№ 1004 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года N 407
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1004
Қабылданған күні
29.09.2004
Көрсетілген редакция
12.03.2015 AI21387_4.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001004_
ЭКБ идентификаторы
21387
Редакция идентификаторы
AI21387_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:38

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау туралы ережеде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларда:
ветеринариялық емдеу-алдын алу;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату;
жемшөптiк қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрсiз, минералдық-витаминдік азықтарды өндiру және сату;
ветеринариялық мақсаттағы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, зоогигиеналық заттарды және зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды сату;
мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;
базарларда жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау;
зертханалық-диагностика қызметi;
2-2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды тіркеу сынағынан, байқаудан өткiзудi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды жарнамалау кезiнде олардың серияларын (топтарын) бақылауды;
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюды;
мемлекеттiк шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарда;";
8-тармақта "7-тармағының 1), 2)," деген сөздерден кейiн "2-1), 2-2)," деген сандармен толықтырылсын;
9-тармақта "тарауының" деген сөз тарауының 3) тармақшасын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы