О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года N 407
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года N 407
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1207
- Қабылданған күні
- 16.11.2004
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2015 AI21860_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040001207_
- ЭКБ идентификаторы
- 21860
- Редакция идентификаторы
- AI21860_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:31
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Республика аумағында жануарлардың жiтi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және жануарлар мен адамға ортақ аурулардан азаматтардың денсаулығын қорғау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
тақырыбы "Жануарларды" деген сөздiң алдынан "Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "туляремия" деген сөзден кейiн ", аусыл" деген сөзбен толықтырылсын;
бесiншi абзацтағы "аденомотоз" деген сөзден кейiн ", шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын;
2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
екiншi абзацтағы "нодулярлық дерматит (зкзотикалық aуpу)" деген сөздерден кейiн ", қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы "(экзотикалық аурулар)" деген сөздерден кейiн ", күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздермен толықтырылсын;
3 3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде:
8 және 19-тармақтар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.";
23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бақылауда болатын жүктердiң транзитiне уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.".