Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 236-I "Об утверждении Правил продления срока службы грузовых и рефрижераторных вагонов", зарегистрированный за № 2463

Бұйрық · № 14-I · қабылданған 19.01.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2003-no-236-i-no-2463/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 236-I "Об утверждении Правил продления срока службы грузовых и рефрижераторных вагонов", зарегистрированный за № 2463 Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-I ·19.01.2004
26.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 236-I "Об утверждении Правил продления срока службы грузовых и рефрижераторных вагонов", зарегистрированный за № 2463

Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-I · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 236-I "Об утверждении Правил продления срока службы грузовых и рефрижераторных вагонов", зарегистрированный за № 2463
Атауы (қаз.)
"Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 2463 болып тіркелген N 236-І бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-I
Қабылданған күні
19.01.2004
Көрсетілген редакция
26.02.2011 AI19150_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002766_
ЭКБ идентификаторы
19150
Редакция идентификаторы
AI19150_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:34

0 "Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 2463 болып тіркелген N 236-І бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

1 1. "Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 2463 болып тіркелген N 236-І бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

бұйрықтың атауы "ережесін" деген сөзден кейін "және Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі;
2) Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі бекітілсін.";
осы бұйрыққа қосымша ретінде Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесімен толықтырылсын.

2 2. Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

5 Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 19 қаңтардағы
N 14-I бұйрығымен бекітілген
"Жүк және рефрижераторлық
вагондардың қызмет ету мерзімін
ұзарту ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі
N 2463 болып тіркелген
N 236-І бұйрығына толықтырулар
мен өзгеріс енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі
N 236-I бұйрығымен бекітілген
Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) тартымдық жылжымалы құрамның (бұдан әрі - ТЖҚ) жасаушы тағайындаған қызмет ету мерзімін ұзарту және техникалық жай-күйіне, жөндеуіне және қабылдау-тапсыру сынақтарының орындалуына зерттеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейді.

2 2. Ереже ТЖҚ-ны заңды негіздерде иеленуші жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - иеленуші) қолданылады.

3 3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1

1) күрделі жөндеу - негізгілерін қоса, бұйымдардың кез келген бөлшектерін алмастыру немесе қалпына келтіру арқылы ресурстарының жарамдылығын толық немесе толық қалпына келтіруге жақын (қалпына келтіру) үшін орындалатын жөндеу; негізгі бөлігі ретінде бұйымдарды бұйымның, оны құрастыруға және басқа бөліктерін орнатуға арналған негізгі бөлігін түсінеді;

2 2) тиімді пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі күрделі жөндеу (бұдан әрі - ҰКЖ-1) - ол аяқталған соң ТЖҚ-ның жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленетін күрделі жөндеу;

3

3) тиімді пайдалану мерзімін ұзарту және жаңғырту жөніндегі күрделі жөндеу (бұдан әрі - ҰКЖ-2) - ол аяқталған соң ТЖҚ-ның жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленетін күрделі жөндеу және ол ҰКЖ-1 болып орындалады, бірақ бұл ретте ТЖҚ-ның негізгі тораптары мен агрегаттарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіледі;

4 4) консервация - мақсаты бойынша пайдаланылмаған бұйымды, берілген мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету арқылы оны орналастыру үшін бөлінген жерде берілген жай-күйде ұстау;

5 5) мотор-вагондық поездар (электрпоездар, дизельпоездар), сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға арналған автомотористер құрастырылатын моторлық және тіркемелік вагондар;

6 6) тағайындалған қызмет ету мерзімі - оған қол жеткізген кезде объектіні пайдалану оның техникалық жай-күйіне тәуелсіз тоқтатылуы тиіс пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;

7 7) қалдық ресурс - объектінің техникалық жай-күйін бақылау сәтінен шекті жай-күйге өтуге дейінгі оның жиынтық жұмыс істеуі;

8 8) жөндеу - бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және бұйымдардың ресурстарын немесе олардың құрамды бөліктерін қалпына келтіру жөніндегі кешенді операциялар;

9 9) техникалық қызмет көрсету жүйесі - осы жүйеге кіретін бұйымдардың сапасын қалпына келтіру және қолдау үшін қажетті өзара байланысқан құралдардың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құжаттамасының және орындаушылардың жиынтығы;

10 10) пайдаланудан алу - бұйымды мақсаты бойынша бұдан әрі пайдаланудың және жөндеудің мүмкін еместігін немесе мақсатқа сай еместігін бекітетін және белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген оқиға;

11 11) қызмет ету мерзімі - объектіні пайдалана бастаудан немесе оны жөндеуден кейін қайта пайдалана бастаудан шекті жай-күйге өткенге дейінгі пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;

12 12) пайдалану - бұйымның сапасы іске асырылатын, қолдау табатын және қалпына келтірілетін оның өмірлік циклының сатысы;

13 13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көліктік кешенінің қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2. ТАЖҚ қызметінің мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

4 4. ТАЖҚ қызметінің тағайындалған мерзімі ТЖҚ-ны жасаушының нормативтік құжаттарымен немесе тиісті стандарттармен белгіленеді.

5 5. Тағайындалған қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мақсаттылығы туралы шешімді ТЖҚ иесі қабылдайды, ол ТЖҚ-ны жасаушыға немесе жобасын әзірлеушіге өтініш жасайды және олармен:

1 1) негізгі бөліктерінің тозу дәрежесін, тораптарындағы және агрегаттарындағы бар зақымданулар мен ақаулықтарды анықтау мақсатында қызмет ету мерзімі өтіп кеткен ТЖҚ-ның техникалық жай-күйін зерттеу;

2

2) тағайындалған қызмет ету мерзімі өтіп кеткен соң, механикалық сынақтарды өткізуге арналған ресурстық сынақтарға арналған арнайы стендтерде үлгілерді кесіп, қалдық деформацияны анықтап және сынақтардың басқа да бұзатын және бұзбайтын әдістерімен ТЖҚ-ның негізгі бөліктерінің қалдық ресурсының болуын анықтау есептеулері мен ресурстық сынақтар жүргізуге шарт жасасады.

6

6. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 1995 жылғы 12 қазандағы N 8-95 хаттамасымен қабылданған 2.602-95 МемСТ талаптарына сәйкес өткізілген ресурстық сынақтар мен есептеулердің нәтижелері бойынша ТЖҚ-ны жасаушы немесе жобасын әзірлеуші мынадай нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді:

1 1) ТЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған техникалық шарттарды;

2 2) негізгі бөліктерді бұзбай оларды зерттеу әдістемесін;

3 3) жүргізілген диагностиканың нәтижелері бойынша қызмет ету мерзімін ұзартуға болатын ТЖҚ-ның агрегаттары, тораптары мен бөліктерінің тізбесін;

4 4) алмастыруды талап ететін және қызмет ету мерзімін ұзартқан кезде пайдалануға жатпайтын ТЖҚ-тың агрегаттары, тораптары мен бөліктерінің тізбесін;

5 5) жаңғырту жүргізілуі (нығайту, қажу кернеуін алу және т.с.с.) қажет ТЖҚ-ның агрегаттары, тораптары мен бөліктерінің тізбесін;

6 6) қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізудің тәртібін.

7 7. ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 өткізу мүмкіндігі туралы жүргізілген техникалық қорытындының объективтілігі, сенімділігі, негізделгендігі мен толықтығы және осы Ереженің 6-тармағының талаптарына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындау үшін жауапкершілік шартта белгіленеді.

3 3. ТАЖҚ-ның жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімін белгілеу тәртібі

8 8. Әзірленген нормативтік-техникалық құжаттаманың негізінде, ТЖҚ-ға күрделі жөндеу жүргізу үшін ТЖҚ иесі және жөндеу ұйымы шарт жасасады.

9 9. Күрделі жөндеу жүргізуге шарт жасасқан кезде ТЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөнінде мынадай құрамда комиссия құрылады:

комиссияның төрағасы - ТЖҚ иесінің уәкілетті өкілі;
комиссия мүшелері: қабылдауды жүзеге асыратын ТЖҚ иесінің өкілі; жөндеу ұйымының өкілі; жөндеу ұйымының техникалық бақылау мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы; магистралдық темір жол желісі операторының өкілі (егер ТЖҚ-ны пайдалану мен тасымалдау магистралдық темір жол желісі бойынша жүзеге асырылса).
Комиссия құрамына басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін.

10 10. Жөндеу ұйымы ТЖҚ-ның қабылдау-тапсыру сынақтарын орындау нәтижелері бойынша:

1 1) комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қойған Қабылдау актісін (1-қосымша);

2 2) комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қойған ТЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзімін тағайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы актіні (2-қосымша) екі данада жасайды.

11 11. Жөндеу ұйымы Қабылдау актісі мен ТЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзімін тағайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы актінің бір-бір данасын ТЖҚ иесіне береді, екінші даналарын өзіне қалдырады.

12 12. ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 көлемінде жұмыстар жүргізілгенге және жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленгенге дейін қызмет ету мерзімі өткен ТАЖҚ-ны пайдалануға рұқсат етілмейді.

13 13. ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 циклы бойынша жұмыстар аяқталған соң жөндеу ұйымы:

1 1) жылжымалы құрамның осы үлгісінің сериясына "Р" әрпі түріндегі әріптік белгіні береді, ол да жылжымалы құрамға жазылуы тиіс;

2

2) ТЖҚ паспортының (формулярының) нысанына мынадай деректер енгізіледі: ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 циклы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымның толық атауы; соның негізінде қызмет ету мерзімін ұзарту жүргізілген нормативтік-техникалық құжаттаманың тізбесі; агрегаттарды, тораптар мен тетіктерді жандандырудың тізбесі (егер ол орындалған болса); жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі; ТАЖҚ-ны оның иесінің қабылдағаны жөніндегі белгілер.

14 14. ТЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды оның иесі негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсалымдарын жүзеге асыру үшін көзделген қаражаттар есебінен орындайды.

15 15. ТЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзімін тағайындаған кезде аталған жылжымалы құрамның бастапқы құны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтіріледі.

49 Тартымдық жылжымалы құрамды күрделі жөндеуден кейін қабылдаудың N___ АКТІСІ

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі
N 236-I бұйрығымен бекітілген,
Тартымдық жылжымалы құрамның
қызмет ету мерзімін ұзарту
ережесіне 1-қосымша
Тартымдық жылжымалы құрамды күрделі жөндеуден кейін қабылдаудың N___ АКТІСІ
200__ жылғы "__"___________                      ______________ қ.
Осы акті ___________________________________________________
(иеленуші ұйымның толық атауы)
тиесілі___________________________________________________________
(ТЖҚ-ның түрі, сериясы, нөмірі)
____________________________________________ циклы бойынша күрделі
(ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2)
жөндеуден кейін қабылдау жүргізілгені туралы жасалды.
Объект зауыт жолдарында, стендтерде сынақтан өтті, магистралдық жолдарда жүргізіп байқау жүргізілді (жүргізілмеді).
Қорытынды:__________________________________________________
(ТЖҚ атауы)
күрделі жөндеуден кейін қабылданды және пайдалануға ______________
(жарамды (жарамсыз))
деп танылды және _________________________________________________
(пайдалану үшін, жүргізіп байқауға) тіркелу депосына жіберілді.
Комиссия төрағасы: _____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссия мүшелері: _____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)
_____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)
_____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)

50 Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет етуінің жаңа мерзімін тағайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы N___ АКТІ

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі
N 236-I бұйрығымен бекітілген,
Тартымдық жылжымалы құрамның
қызмет ету мерзімін ұзарту
ережесіне 2-қосымша
Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет етуінің жаңа мерзімін тағайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы N___ АКТІ
200__ жылғы "__"___________                      ______________ қ.
______________________________________________ жөндеу кәсіпорнында
(жөндеу ұйымының атауы)
__________________________________________________________ тиесілі
(иеленуші ұйымның толық атауы)
_______________________________________________________ тартымдық,
(ТЖҚ-ның түрі, сериясы, нөмірі)
мотор-вагондық, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда мынадай жұмыстар орындалды:
__________________________________________________________________
Р/с |       Орындалған жұмыстардың тізбесі         |  Ескерту
N  |                                              |
------------------------------------------------------------------
1                         2                               3
------------------------------------------------------------------
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Орындалған жұмыстардың негізінде ____________________ жылға
(саны жазбаша)
_______________________________________________ жаңа тағайындалған
(ТЖҚ-ның түрі, сериясы, нөмірі)
қызмет ету мерзімі белгіленеді.
Комиссия төрағасы: _____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссия мүшелері: _____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)
_____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)
_____________________________
(Тегі, аты-жөні, қолы)

Қолданыстағы