Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1105

Қаулы · № 638 · қабылданған 28.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-n-1105/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1105 Күшін жойған Қаулы ·№ 638 ·28.06.2008
20.05.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1105

Күшін жойған Қаулы ·№ 638 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1105
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
638
Қабылданған күні
28.06.2008
Көрсетілген редакция
20.05.2010 AI40391_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000638_
ЭКБ идентификаторы
40391
Редакция идентификаторы
AI40391_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:12

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:

14-тармақта:
6) тармақшада "электр энергетикасы объектілерін жобалау, салу, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы" деген сөздер "жобалау, салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
"51) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;";

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

"Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"3. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы