О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105 и признании утратившим силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105 и признании утратившим силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 26.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2010 AI44521_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000222_
- ЭКБ идентификаторы
- 44521
- Редакция идентификаторы
- AI44521_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:39
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
8-тармақтың екінші абзацында "22" деген сандар "19" деген сандармен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді;
6-2) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;
6-3) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды орындауына мониторинг жүргізеді;
6-4) энергия өндіруші ұйымдар тобын құрады;
6-5) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
6-6) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетгік органмен бірлесіп бекітеді;".
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 ақпандағы
N 222 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі