Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105

Қаулы · № 498 · қабылданған 10.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1105/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105 Күшін жойған Қаулы ·№ 498 ·10.04.2009
20.05.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105

Күшін жойған Қаулы ·№ 498 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1105
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
498
Қабылданған күні
10.04.2009
Көрсетілген редакция
20.05.2010 AI45258_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000498_
ЭКБ идентификаторы
45258
Редакция идентификаторы
AI45258_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:25

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 31-1), 35-1), 39-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"31-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бағалау өлшемін әзірлейді және бекітеді;
35-1) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есебінің және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасының нысандарын бекітеді;
39-1) заңнамаға сәйкес өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 36-1), 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың сатып алуында жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қамту жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелерінің мониторингін және оларды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, оның ішінде жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;
16-2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
36-1) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілетін және жүргізілген сатып алу туралы ақпарат сұрау;
36-2) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарланатын сатып алу туралы ақпарат жинау және талдау;".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы