Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 «Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан»

Қаулы · № 507 · қабылданған 31.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1111-ekb-105938/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 «Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан» Күшін жойған 19.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 «Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы № 507 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 «Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
507
Қабылданған күні
31.08.2016
Көрсетілген редакция
19.08.2022 105938_592511.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000507
ЭКБ идентификаторы
105938
Редакция идентификаторы
105938_592511
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:55
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
«орталық аппараттың функциялары:»:
мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:
«129-1) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;»;
139) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«139) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;»;
140) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 143-1), 143-2), 143-3), 143-4); 143-5) және 143-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«143-1) асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулығының жай-күйі туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту;
143-2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
143-3) Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені бекіту;
143-4) қабылдаушы ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және мөлшерін бекіту;
143-5) Бала қонақтайтын отбасылар туралы ережені бекіту;
143-6) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту;»;
«ведомстволардың функцияларында:»
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылардың мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 47-1), 47-2), 47-3) және 50-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«47-1) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуден өткізу;
47-2) бала асырап алу жөніндегі агенттік өкілдігін аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді, аккредиттеу мерзімін ұзарту (ұзартудан бас тарту), бала асырап алу жөніндегі филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызмет етуін тоқтата тұру, қызмет етуін қайтадан қолданысқа енгізу және тоқтату туралы дәлелді шешімдерін беру;
47-3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру мен пайдалану бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының қызметін үйлестіру;»
«50-1) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу бойынша қызметін үйлестіру;».

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.