О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 «Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 «Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 10.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 109694_592517.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000049
- ЭКБ идентификаторы
- 109694
- Редакция идентификаторы
- 109694_592517
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:13
0 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй.»;
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 146) жолмен толықтырылсын:
«146) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;»;
ведомстволардың функцияларында:
реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 5,14 және 50-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 57 және 58-жолдармен толықтырылсын:
«57. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
58. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын.