О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 "Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 "Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 958
- Қабылданған күні
- 14.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 74379_592360.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000958
- ЭКБ идентификаторы
- 74379
- Редакция идентификаторы
- 74379_592360
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:18
0 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
«63-1) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
ведомствоның функцияларындағы 55) тармақша алынып тасталсын.