О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1112 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1112 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 306
- Қабылданған күні
- 29.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2014 AI71858_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000306
- ЭКБ идентификаторы
- 71858
- Редакция идентификаторы
- AI71858_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:22
0 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 4) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 306 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру саласындағы салааралық үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті;
2 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті;
3 3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті.
3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5 5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6 6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып әрекет етуге құқығы бар.
7
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8 8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9 9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.
10 10. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12 12. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
13 13. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14 14. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің миссиясы: халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, елдің азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту.
15
15. Міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, салааралық үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылау, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
16 16. Функциялары:
орталық аппарат функциялары:
1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2 2) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервтер, апаттар медицинасы бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, бекіту;
3 3) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының аумағында шетел ұйымдары мен азаматтарының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметтерін қамтамасыз ету;
4 4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
5 5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
6 6) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;
7 7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
8 8) орталық және жергілікті атқарушы органдардың және ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, апаттар медицинасы саласындағы жұмыстарын үйлестіру;
9 9) техникалық регламенттерді бекітуді қоспағанда, төтенше жағдайлар, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік нұсқауларды, стандарттарды бекіту, келісу;
10 10) халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге ұсыну;
11 11) Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жеке құрамын, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құралымдарының басшыларын, халықты Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша даярлау бағдарламаларын әзірлеу;
12 12) Азаматтық қорғаныс міндеттерін шешуге бағытталған мақсатты бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
13 13) Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мүдделерінде қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілігін айқындау;
14 14) Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбіт және соғыс уақытына арналған Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге ұсыну және оны іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыру;
15 15) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
16 16) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ережелерді бекіту;
17 17) қалаларды және шаруашылық жүргізуші объектілерді санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту;
18 18) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені әзірлеу;
19 19) өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіру;
20 20) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметтерін үйлестіру;
21 21) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, оның ішінде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
22 22) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат ұсыну тәртібін айқындау;
23 23) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
24 24) қауіпті өндірістік объектілерді бірегейлендіруге қойылатын негізгі талаптарды белгілеу ұйымдардың құрамындағы объектілерді қауіпті өндірістік объектілер санатына жатқызу;
25 25) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиісті қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
26 26) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт-техникалық өнімдердің түрлерін айқындау;
27 27) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен және қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмылдыру және мемлекеттік резервтердің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін қалыптастыру және бекіту;
28 28) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту;
29 29) шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекіту;
30 30) төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың жай-күйі туралы мемлекеттік баяндамаларды дайындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
31
31) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Үкіметіне құрамында мемлекеттік және жұмылдыру резервтері бар материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстар қорларын пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізу;
32 32) Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылық ету;
33 33) төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
34 34) ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлерін оқытуды ұйымдастыру;
35 35) гуманитарлық акцияларын дайындауға және өткізуге қатысу және оларды ұйымдастыру;
36 36) халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
37 37) халықты, аумақтарды және шаруашылық жүргізу объектілерін техногендік авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, сырғымалар мен басқа да экзогендік құбылыстар мониторингі және олар туралы хабардар ету жүйесін ұйымдастыру;
38 38) республикалық халықты хабардар ету және байланыс жүйесін құру және оның дереу пайдалануға үнемі әзірлігін қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту;
39 39) төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша күштер мен құралдарды құру, дайындау және дайындықта ұстау, зардап шеккендерге көмек көрсету;
40 40) төтенше жағдайларды жою кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
41 41) ұйымдардың басшылары мен халықты қорғау тәсілімен қазіргі заманғы жою құралдарын қолдану кезінде және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру;
42 42) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреттері шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған аварияларды, дүлей зілзалалар мен апаттарды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
43 43) төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік сараптамаға басшылық жасау және қажет болған жағдайда халықаралық сараптау ұйымдарын тарта отырып, тәуелсіз сараптама ұйымдастыру;
44 44) зардап шеккендерге, оның iшiнде авариялық-құтқару қызметiнiң жұмысшыларына табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында шұғыл медициналық көмек көрсету;
45 45) материалдық-техникалық ресурстардың қорларын құру және пайдалану;
46 46) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыруды ұйымдастыру;
47 47) Азаматтық қорғаныс күштерімен оның қарамағындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерімен, төтенше жағдайларды республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесімен төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларға басшылық жасау;
48 48) Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, Апаттар медицинасы орталығын авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде басқару;
49 49) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
50 50) Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жеке құрамын және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдарды, Азаматтық қорғаныстың ұйымдары мен құралымдарының басшыларын, халықты азаматтық қорғаныс бойынша дайындауды ұйымдастыру;
51 51) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ халқы орындау үшін міндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер әзірлеу, қабылдау;
52 52) Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен күштерін дайындауды ұйымдастыру;
53 53) төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есептi жүргiзу;
54 54) өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
55 55) төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттаудан өткізу;
56 56) ведомстволық бағынысты ұйымдарды, оның ішінде жасақтар мен апаттар медицинасының далалық көшпелі госпиталдарын, сондай-ақ коммерциялық емес төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мамандандырылған оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;
57 57) суда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
58 58) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізу;
59 59) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
60 60) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгерген, олар қайта құрылған не таратылған жағдайда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
61 61) мемлекеттік резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броннан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
62 62) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;
63 63) материалдық құндылықтарды шығару (жаңарту тәртібімен) және мемлекеттік материалдық резервке жеткізу туралы шешім қабылдау;
64
64) шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;
65 65) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін сауда қызметінің субъектілерімен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару;
66 66) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырысты қалыптастыру;
67 67) Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесін әзірлеу және басқару;
68 68) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласында заңды және жеке тұлғаларға электрондық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
ведомстволардың функциялары:
1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі, Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуына, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруды мемлекеттік бақылауды іске асыру;
2 2) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімді насихаттау, халықты, лауазымды адамдар мен ұйымдардың мамандарын оқыту;
3 3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізу;
4 4) объектілерді салуға өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келісу;
5 5) ұйымдардың шығарылатын өнімге стандарттарының жобаларын келісу;
6 6) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы қызметке тағайындалған және белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізу;
7 7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетiндiгi бөлiгiнде лицензия беруді келісу;
8 8) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау бойынша ұйымдарды аккредиттеу;
9 9) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын отандық және шетелдік өндірістің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру;
10 10) өртке қарсы нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың және жекелеген қондырғылардың аяқталған құрылысын пайдалануға қабылдау бойынша қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
11 11) ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қорғау және өрт сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету;
12 12) қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу;
13 13) техникалық қондырғыларды, материалдарды қабылдау сынағынан өткізуді келісу;
14 14) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттауды жүзеге асыру;
15 15) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу;
16 16) жұмыстардың қауіпті түрлерін жүргізу кезінде технологияларды, техникалық құрылғылар мен материалдарды қолдануға рұқсат беру;
17 17) халықты хабардар ету және өрт қауіпсіздігі саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және оларды жою шараларын ұйымдастыру;
18 18) халықты және қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу мен оларды жою шараларын ұйымдастыру жөнінде хабардар ету;
19
19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;
20 20) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
21 21) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және олардың негізінде сотқа жеке немесе заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толықтай тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыз жасау және жіберу;
22 22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттердің алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
23 23) ведомстволық бағынысты әскерилендірілген тау-кен-құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы қызметтер мен құралымдардың қызметіне басшылық жасау;
24 24) авариялар мен өндірістік жарақат алудың туындау себептері мен жағдайларына талдау жүргізу;
25 25) тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларын ұйымдарда келісу;
26 26) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асыру;
27 27) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, қайта орналастыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
28 28) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің бейіні өзгерген, қайта құрылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын ауыстыруды қамтамасыз ету;
29 29) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, сапалық және сандық сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
30 30) қарызға алу тәртібімен алушымен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шарт (келісімшарт) жасасу;
31 31) операцияға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен борышты және тұрақсыздық айыптарын өндіріп алуды жүзеге асыру;
32 32) азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;
33 33) мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен азаматтарға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі міндетті күші бар ұйғарымдар беру;
34 34) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға Азаматтық қорғаныс бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және іс-шаралардың орындалуы туралы ұйғарымдар беру;
35
35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын толық немесе ішінара тоқтата тұру, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының жобаларында көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
36 36) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндірістік объектілерде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;
37 37) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды, процестерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты болғандағы жағдайларды қоспағанда, бұл бұзушылықтарды жойғанға дейінгі кезеңге тыйым салу;
38 38) тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резервтер саласында тексеру (тексеріс) жүргізуге тарту;
39 39) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін тексеру (тексеріс) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;
40 40) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
41 41) Азаматтық қорғаныс іс-шараларының Қазақстан Республикасының аумағында орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
42 42) Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асыру;
43 43) өрт қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
44 44) елді мекендердегі және объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртпен күресуге әзірліктерін бақылауды жүзеге асыру;
45 45) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындар мен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
46 46) өндірістік бақылаудың тиімділігін, ұйымдардың авариялар мен олардың салдарын жоюға дайындығын, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асыру;
47 47) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреттері шегінде авариялардың себептерін тексеруді жүргізу;
48 48) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
49 49) өз құзыреті шегінде өртті анықтауды жүзеге асыру;
50 50) ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық қондырғыларға, қауіпті өндірістік объектілердегі материалдарға техникалық куәландыру жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
51 51) ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге дайындығын бақылауды жүзеге асыру;
52
52) қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау бойынша міндеттерін қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің орындауын және олардың заңнамада белгіленген тәртіптерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
53 53) сақтау пункттерінде сақталатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына тексеру (тексеріс) жүргізу;
54 54) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау.
17 17. Құқықтары мен міндеттері:
1 1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2 2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
3 3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
4
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттар бойынша қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, осындай халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын және халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттерін орындауын бақылау;
5 5) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18 18. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін басқаруды Министр жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
19 19. Министрді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20 20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) бар.
21 21. Министрдің өкілеттігі:
1 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2 2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3 3) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4 4) барлық мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін білдіреді;
5 5) мемлекеттік органның ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және мемлекеттік органда жүргізілген ішкі аудит туралы есепті бекітеді;
6 6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқама береді;
7 7) бөлімшелердің, ведомстволар мен ұйымдардың қызметтерін ведомстволық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
8 8) бірыңғай кадрлық саясатты жүргізеді;
9 9) кадрлардағы тапшылықты айқындайды;
10 10) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11
11) азаматтарды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кадрына есепке алады, оларға алғашқы және кейінгі өртке қарсы қызмет полковнигін қоса алғандағы атаққа дейінгі арнаулы атақтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери міндеттілеріне бірінші әскери атақты және кейінгі полковникке дейінгі әскери атақты қоса алғандағы атақтарды береді;
12 12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсынулар енгізеді;
13 13) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттауға және құрметті атақтар беру үшін ұсыныс енгізеді;
14 14) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
15 15) өзінің құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес төтенше жағдай жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерін құрады және таратады, олардың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті мен бөлінген бюджет қаражаты шегіндегі еңбекақы қоры шегінде белгілейді;
16 16) республикалық бюджеттен бөлінген қаржылық бөлу шегінде төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органды ұстауға қаржылай қаражат бөледі;
17 17) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
18 18) әрекеті (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды адамдары мен мемлекеттiк қызметшiлерiн жауапкершілікке тартады;
19 19) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министр болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22 22. Министр өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23 23. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы басқарады.
24 24. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңестік органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын және ол туралы ережені Министр бекітеді.
4 4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мүлкі
25 25. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26 26. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27 27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
28 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
28. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы.
2 2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы.
3 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
4 4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
5 5. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
6 6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
7 7. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
8 8. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
9 9. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
10 10. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
11 11. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
12 12. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
13 13. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
14 14. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Екібастұз қаласы.
15 15. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
16 16. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
17 17. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
18 18. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
19 19. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
20 20. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
21 21. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
22 22. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
23 23. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
24 24. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
25 25. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
26 26. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
27 27. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
28 28. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
29 29. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
30 30. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
31 31. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
32 32. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
33 33. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
34 34. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
35 35. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
36 36. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
37 37. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
38 38. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
39 39. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
40 40. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
41 41. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
42 42. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
43 43. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
44 44. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
45 45. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
46 46. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
47 47. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
48 48. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
49 49. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
50 50. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
51 51. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
52 52. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
53 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
53. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі