Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116

Қаулы · № 1192 · қабылданған 12.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1116-ekb-55410/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 Күшін жойған Қаулы ·№ 1192 ·12.11.2010
24.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116

Күшін жойған Қаулы ·№ 1192 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1192
Қабылданған күні
12.11.2010
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI55410_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001192
ЭКБ идентификаторы
55410
Редакция идентификаторы
AI55410_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:56

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
мынадай мазмұндағы 66-1) және 66-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«66-1) мемлекеттік қызметтің регламентін әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек;
66-2) мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі;»;
66) тармақша «әзірлеу» деген сөзден кейін «мен жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;»;
72) тармақшадағы «мен жұмылдыру» деген сөздер алынып тасталсын;
73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 75-1) және 75-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«75-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отыру;
75-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысын үйлестіру;»;
«3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру» деген бөлімде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы