Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан"

Қаулы · № 556 · қабылданған 30.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1116-ekb-72836/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 556 ·30.05.2013
24.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 556 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
556
Қабылданған күні
30.05.2013
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI72836_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000556
ЭКБ идентификаторы
72836
Редакция идентификаторы
AI72836_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:01

0 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
«Орталық аппараттың функциялары» деген 1-тармақта:
«1.» деген сан алынып тасталсын;
83) және 84) тармақшалар алынып тасталсын;
85), 86) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«85) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы әдістемелер мен нормативтік құқықтық актілерді келісу;
86) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстарды келісу;»;
«88) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін және мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді келісу;»;
89) тармақша алынып тасталсын;
90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«90) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту кезіндегі қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келісу;»;
91) және 92) тармақшалар алынып тасталсын;
93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«93) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келісу;»;
145) тармақша алынып тасталсын;
«Ведомствоның функциялары» деген 2-тармақта:
«2.» деген сан алынып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Қазақстан Республикасының шетелдегі сауда өкілдіктерінің қызметін үйлестіру мен қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді бақылау.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы