Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан"

Қаулы · № 303 · қабылданған 02.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1116/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 303 ·02.04.2014
24.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 303 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1116 "Вопросы Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
303
Қабылданған күні
02.04.2014
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI78428_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000303
ЭКБ идентификаторы
78428
Редакция идентификаторы
AI78428_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:13

0 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 149-1) тармақшамен толықтырылсын:
«149-1) тауар биржасында халықаралық биржалық сауда-саттықты дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;»;
ведомствоның функцияларында:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін мониторингілеу;
2-2) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдау және зерделеу;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) өз өкілін тауар биржасының жұмысына, оның ішінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға ресми түрде жіберу;»;
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы