О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 316
- Қабылданған күні
- 13.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI44798_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000316_
- ЭКБ идентификаторы
- 44798
- Редакция идентификаторы
- AI44798_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:35
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, бір жүзінші, бір жүз бірінші, бір жүз екінші, бір жүз үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;";
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.".