Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117 "Вопросы Министерства здравоохранения Республики Казахстан"

Қаулы · № 1046 · қабылданған 03.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1117-ekb-74605/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117 "Вопросы Министерства здравоохранения Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 1046 ·03.10.2013
23.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117 "Вопросы Министерства здравоохранения Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1046 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117 "Вопросы Министерства здравоохранения Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1046
Қабылданған күні
03.10.2013
Көрсетілген редакция
23.09.2014 AI74605_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001046
ЭКБ идентификаторы
74605
Редакция идентификаторы
AI74605_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:10

0 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының, ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
«Орталық аппараттың функциялары» деген 1-бөлімде:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығарындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау;»;
«Ведомстволардың функциялары» деген 2-бөлімде:
29), 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«29) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;
30) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) ізгілік көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы