О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117 "Вопросы Министерства здравоохранения Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1117 "Вопросы Министерства здравоохранения Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 26.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI78258_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000263
- ЭКБ идентификаторы
- 78258
- Редакция идентификаторы
- AI78258_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:23
0 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
16-тармақта:
Орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:
«53) төтенше жағдайлар кезінде халықтың ауруларының алдын алу және оларды емдеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету.».