Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»

Қаулы · № 676 · қабылданған 12.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1118-ekb-171499/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 676 ·12.09.2022
12.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 676 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
676
Қабылданған күні
12.09.2022
Көрсетілген редакция
12.09.2022 171499_590724.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000676
ЭКБ идентификаторы
171499
Редакция идентификаторы
171499_590724
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:10

0 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы

№ 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1267 (1999), 1988 (2011), 1989 (2011) қарарлармен, сондай-ақ оларды дамытуға қабылданған қарарлармен құрылған комитеттеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жиынтық санкциялық тізбесіне дереу енгізу және (немесе) жиынтық санкциялық тізбесінен алып тастау үшін террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар мен ұйымдар туралы ұсыныстар енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы