О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 970
- Қабылданған күні
- 02.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2022 174719_605932.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000970
- ЭКБ идентификаторы
- 174719
- Редакция идентификаторы
- 174719_605932
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:26
0 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1118 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) міндеттері:
бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сәйкес бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқару.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 214-12) тармақшамен толықтырылсын:
«214-12) жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;».