Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»

Қаулы · № 839 · қабылданған 10.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1118-ekb-201566/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 839 ·10.10.2024
10.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 839 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
839
Қабылданған күні
10.10.2024
Көрсетілген редакция
10.10.2024 201566_723545.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000839
ЭКБ идентификаторы
201566
Редакция идентификаторы
201566_723545
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:15

0 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) терроризмге және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағдарын іске асыруды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2), 27-3), 27-4), 27-5), 27-6), 27-7), 27-8) және 27-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) шет елде адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
27-2) шет елде адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, Қазақстан Республикасы таныған босқындарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды тиісті құжаттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасына қайтару жөніндегі шараларды қабылдау;
27-3) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;
27-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу;
27-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысу;
27-6) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған, адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабардар ету;
27-7) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар ету;
27-8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;
27-9) цифрлық трансформациялауды жүргізу;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы