О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 737
- Қабылданған күні
- 10.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2025 214132_774064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000737
- ЭКБ идентификаторы
- 214132
- Редакция идентификаторы
- 214132_774064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:24
0 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
153) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«153) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«167) шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 167-1) тармақшамен толықтырылсын:
«167-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру;».