О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 "Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 "Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 989
- Қабылданған күні
- 19.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI83244_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000989
- ЭКБ идентификаторы
- 83244
- Редакция идентификаторы
- AI83244_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:32
0 "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) тармақшалармен толықтырылсын:
«51) сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу;
52) халықаралық жағдайдың мониторингі және экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік жаһандық трендтерді анықтау;
53) мақсатты мемлекеттер мен өңірлердің мамандандырылған зерттеулерін жүргізу;
54) сыртқы саяси үдерістерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжамдау және практикалық қарсы шаралар әзірлеу;
55) негізгі шетелдік әріптестермен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету;
56) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар әзірлеу;
57) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау;
58) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жалпылау;
59) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау;
60) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
61) мемлекеттік қызметтер көрсету;»;
ведомстволардың функцияларында:
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармакшалар алып тасталсын.
2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.