Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» и от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 397 · қабылданған 23.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1120-6-2023-no-10/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» и от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 397 ·23.05.2023
23.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» и от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 397 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» и от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
397
Қабылданған күні
23.05.2023
Көрсетілген редакция
23.05.2023 182026_634535.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000397
ЭКБ идентификаторы
182026
Редакция идентификаторы
182026_634535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:50

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 18) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан шетелдік контрагенттермен шетелдік төрелікті тараптар арасындағы дауларды шешудің тәсілі ретінде пайдалана отырып, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайтын сомаға жасалатын шарттардың жобаларын қарау және оларға ұсынымдарды беру;»;

2 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Үкімет атынан шетелдік контрагенттермен шетелдік төрелікті тараптар арасындағы дауларды шешудің тәсілі ретінде пайдалана отырып, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерін құрайтын сомаға жасалатын шарттардың жобалары тиісті ұсынымдар алу үшін Әділет министрлігіне алдын ала жіберілуге тиіс.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы