Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан»

Қаулы · № 533 · қабылданған 28.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1120-ekb-124283/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 533 ·28.08.2018
28.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 533 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
533
Қабылданған күні
28.08.2018
Көрсетілген редакция
28.08.2018 124283_348644.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000533
ЭКБ идентификаторы
124283
Редакция идентификаторы
124283_348644
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:22

0 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері»

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет  министрлiгi туралы ережеде:
15-тармақта:
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және  атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;
3-1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;»;
16-тармақта:
96), 105), 106), 107-1), 107-3), 107-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;»;
«105) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыру;
106) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«107-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу салаларында құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«107-3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу саласында және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
107-4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;»;
мынадай мазмұндағы 96-1), 105-1), 107-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«96-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;»;
«105-1) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;»;
«107-8) жылжымайтын объектілерді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;»;
107) және 107-2) тармақшалар алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы