Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан»

Қаулы · № 695 · қабылданған 30.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-1120-ekb-125442/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
«О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 695 ·30.10.2018
30.10.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 695 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
695
Қабылданған күні
30.10.2018
Көрсетілген редакция
30.10.2018 125442_365833.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000695
ЭКБ идентификаторы
125442
Редакция идентификаторы
125442_365833
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:47

0 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;».
16-тармақта:
117), 118), 118-1), 123), 124), 125), 126), 127), 128) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«117) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар беру;
118) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
118-1) адвокат көрсететін, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
123) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
124) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
125) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адамдардың қызметін үйлестіру;
126) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
127) халыққа заң көмегін көрсететін адамдар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздемелері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
128) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жылына кемінде бір рет жариялануын және өзінің интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету;»;
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 118-2), 118-3), 118-4), 118-5), 118-6), 118-7), 123-1), 123-2), 123-3), 123-4), 123-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«118-2) адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
118-3) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
118-4) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
118-5) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу;
118-6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
118-7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
123-1) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
123-2) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
123-3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
123-4) заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;»;
123-5) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы