Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2004 года № 296-I "Об утверждении Правил предоставления услуг экспедитора"

Бұйрық · № 446 · қабылданған 24.07.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2004-no-296-i/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2004 года № 296-I "Об утверждении Правил предоставления услуг экспедитора" Қолданыста Бұйрық ·№ 446 ·24.07.2012
24.07.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2004 года № 296-I "Об утверждении Правил предоставления услуг экспедитора"

Қолданыста Бұйрық ·№ 446 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июля 2004 года № 296-I "Об утверждении Правил предоставления услуг экспедитора"
Атауы (қаз.)
"Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
446
Қабылданған күні
24.07.2012
Көрсетілген редакция
24.07.2012 AI67235_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007862
ЭКБ идентификаторы
67235
Редакция идентификаторы
AI67235_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:45

0 "Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 296-I (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3037 болып тіркелген, 2005 жылғы 11 тамызда «Заң газетасы» газетінде жарияланған, (880) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспедитор қызметтерін ұсыну ережесінде:
4-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. клиенттері жүктерді тасымалдау үшін қажет вагондармен, контейнерлермен және алмалы-салмалы жабдықтармен қамтамасыз ету (пайдалануға беру).
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Экпедитор клиент берген ақпараттың, сондай-ақ жүктің сипаттары туралы ақпараттың, оны тасымалдау мен экспедитор көлік экспедиция шартында көзделген міндеттемелерін орындауы үшін қажет өзге де ақпараттың шынайылығын тексереді.»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Экспедиторлық қызметті ұсынуды жүзеге асыру үшін экспедитор тасымалдаушымен тасымалдарды ұйымдастыру туралы және көрсетілетін қызметтердің түрі бойынша шарттарды жасасады.»;
«14. Экспедитор тасымалдаушымен өзара қарым-қатынаста:
1) тасымалдаушыға тиесілі барлық тасымалдау төлемдері мен алымдарының уақытында және ақшамен толық төленуін қамтамасыз етеді;
2) жүк жөнелтушінің тасымалдаушы құжаттарын төлеуші туралы белгі енгізу жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етеді;
3) егер көліктік экспедициясының шартында мұндай міндеттер оған жүктелсе, жүкке және тасымалдау құжаттарына тасымалдаушының талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
4) егер мұндай міндеттер оған көліктік экспедициясының шартында жүктелсе, жүкке және ілеспе құжаттарға кедендік органдар, фитосанитарлық, карантиндік, шекаралық және өзге де бақылау тарапынан қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тасымалдау туралы шартта өзгесі көзделмесе, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиісті орындамау салдарынан тасымалдаушыға құжаттамалық расталған шығындарды өтейді;»;
15-тармақтың 5) және 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) экспедиторды Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің (халықаралық шарттарға сәйкес) темір жол көлігімен жүк тасымалдарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің өзгеруі туралы, соның ішінде тасымалдардың тарифтері мен шарттарының өзгеруі туралы, Қазақстан Республикасының магистральдық темір жол станциясының ашылуы, жабылуы және қайта аталуы туралы хабардар етеді;»;
«6) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгесi көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты тиесілі орындамау салдарынан экспедиторға келтірілген құжаттамалық расталған шығындарын өтейді.».
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Темір жол көлігімен жүк тасымалдау кезінде қызмет көрсету туралы шарт жасасу үшін экспедитор тасымалдаушыға мыналарды ұсынады:
1) тасымалдаушының атына өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін - жеке куәліктің, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі жеке сәйкестірілген нөмірі (ЖСН);
3) заңды тұлғалар үшін - жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі бизнес сәйкестірілген нөмірі (БСН).».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында ресми жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы