О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 316 "Об утверждении Правил представления государственными предприятиями, осуществляющими регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним, информации в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 316 "Об утверждении Правил представления государственными предприятиями, осуществляющими регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним, информации в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров"
- Атауы (қаз.)
- "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 10.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2010 AI33293_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004671_
- ЭКБ идентификаторы
- 33293
- Редакция идентификаторы
- AI33293_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:50
0
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 64 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазандағы N 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3203 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбында "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесінде:
тақырыбында, 1-тармақта "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздер "әділет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тіркеуші органдардың ақпарат ұсынуы тегін жүзеге асырылады";
4,5-тармақтар алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары өзінің қызметінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігінің
Төрағасы
2004 жылғы 19 сәуір