О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2005 года N 3-1-457п "Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2005 года N 3-1-457п "Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-277п
- Қабылданған күні
- 04.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2014 AI38578_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08A000512_
- ЭКБ идентификаторы
- 38578
- Редакция идентификаторы
- AI38578_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:55
0 "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтанқараңыз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 9 шілдедегі Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы" N 336 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2007 жылғы 8 қазандағы қаулысын ескере отырып, Астана қаласының коммуналдық меншігін басқару және оған иелік ету тиімділігін арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына (2005 жылғы 1 тамызда нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 404 тіркелген, "Астана Хабары" газетінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 112-нөмірінде жарияланған, "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 122-нөмірінде жарияланған), "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы N 16-1008ққаулысына (2007 жылғы 16 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 453 тіркелген, "Астана Хабары" газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 21-22-нөмірлерінде жарияланған, "Вечерняя Астана" газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 21-22-нөмірлерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасына қосымшада:
қосымшаның екінші азат жолы "мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейін ", Астана қаласының мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде заңды және жеке тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. "Астана қаласының Қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен енгізілген толықтыруды мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде оның орындалуын қамтамасыз етсін.
3 3. "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы қаулысының күші жойылсын.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Б.С. Смағұловқа жүктелсін.
Әкім А. Мамин