О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2005 года № 3-1-457п "Об утверждении Правил предоставления в имущественный найм(аренду) государственного коммунального имущества города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 28 июня 2005 года № 3-1-457п "Об утверждении Правил предоставления в имущественный найм(аренду) государственного коммунального имущества города Астаны
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113-368
- Қабылданған күні
- 04.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2014 AI64554_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12A0000718
- ЭКБ идентификаторы
- 64554
- Редакция идентификаторы
- AI64554_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:38
0 "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 1 тамызда № 404, 2011 жылғы 18 шілдеде № 686 болып тіркелген) «Астана хабары» газетінің 2005 жылғы 16 тамызындағы № 112, «Вечерняя Астана» газетінің 2005 жылғы 11 тамызындағы № 122 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 89 (2699) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасында:
4-1 4-1) параграфы 18-2) тармағының екінші абзацында «Тендер жеңімпазының өтініші бойынша кепілдік жарна сомасы біртіндеп қайтарылуы мүмкін» деген сөздер алынып тасталсын.
2 2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов