Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2005 года № 787 «Об утверждении Правил учета и списания военного имущества»

Қаулы · № 205 · қабылданған 11.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2005-no-787/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2005 года № 787 «Об утверждении Правил учета и списания военного имущества» Қолданыста Қаулы ·№ 205 ·11.04.2016
11.04.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2005 года № 787 «Об утверждении Правил учета и списания военного имущества»

Қолданыста Қаулы ·№ 205 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2005 года № 787 «Об утверждении Правил учета и списания военного имущества»
Атауы (қаз.)
«Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
205
Қабылданған күні
11.04.2016
Көрсетілген редакция
11.04.2016 101091_72375.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000205
ЭКБ идентификаторы
101091
Редакция идентификаторы
101091_72375
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:39

0 «Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы

28 шілдедегі №787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

1 1. «Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін есепке алу және есептен шығару ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери бөлімдерде, мемлекеттік мекемелерде, әскери оқу орындарында (бұдан әрі – әскери бөлімдер) жарамсыз (шекті) күйге келген сапасын жоғалтқан қаруды, әскери техника мен өзге де әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртібін белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке пайдаланудағы заттай мүлік – жабдықтау нормалары бойынша әскери қызметшілерге тұрақты жеке пайдалануға (түгендеу мүлкінен басқа) босатылатын заттай мүлік заттары, атап айтқанда киім-кешек, аяқ киім, киім, жылы заттар және амуниция.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оқу-жаттығу және басқа да мақсаттарда пайдаланылатын мүлiктi, сондай-ақ осы Ереженің 27-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер мүлiк өзінiң техникалық жай-күйi бойынша немесе жөндеуден кейiн мақсаты бойынша бұдан әрi пайдалануға жарайтын болса, белгiленген қызмет мерзiмдерiнiң өтуi, сондай-ақ мүлiктiң тозу құнының 100 % есептелуі оны есептен шығару үшiн негiз бола алмайды.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Теріс себептер бойынша жұмыстан босатуды қоспағанда, әскери қызметшілерді жұмыстан босатқан, кию мерзімі бітпеген түгендеу мүлкінен басқа, жеке пайдаланылған заттай мүлікті есептен шығарған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша арнайы киім-кешектер мен жеке пайдаланудағы басқа да заттарды баланстан есептен шығаруға арналған акті бойынша жүргізіледі.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы