О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года N 207-п "Об утверждении Правил проведения государственной экологической экспертизы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года N 207-п "Об утверждении Правил проведения государственной экологической экспертизы"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 296-п
- Қабылданған күні
- 09.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2015 AI35682_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004984_
- ЭКБ идентификаторы
- 35682
- Редакция идентификаторы
- AI35682_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:00
0 "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Заңнаманы жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 1 тамызда N 4844 болып тіркелген және»"Юридическая газета" газетінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 126 (1329) жарияланған»"Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесінде :
11-тармақтың 13), 14) және 15) тармақшалары алынып тасталсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
28-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
30-тармақ алынып тасталсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамадан мына жағдайларда:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері бұрын өткізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша жетілдірілген жағдайда;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобалық және басқа құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
3) сот органдары шешімінің негізінде өтеді.".