Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера"

Қаулы · № 503 · қабылданған 02.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2007-no-1339/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера" Күшін жойған Қаулы ·№ 503 ·02.07.2015
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера"

Күшін жойған Қаулы ·№ 503 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера"
Атауы (қаз.)
"Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
503
Қабылданған күні
02.07.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2015 91289_212358.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000503
ЭКБ идентификаторы
91289
Редакция идентификаторы
91289_212358
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:16

0 «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері айқындалсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 503 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1339 қаулысымен
бекітілген
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері

1 1. Нақты қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі – жәрдемақы) мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 136-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

2 2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақыны есептеу мен оның мөлшерін айлық шектеу тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіш қолданыла отырып, екі бөліп жүргізіледі.

3

3. Айлық жәрдемақының мөлшері, еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.

4 4. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

5 5. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

6 6. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Қолданыстағы