Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера"

Қаулы · № 503 · қабылданған 02.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2007-no-1339/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера" Күшін жойған Қаулы ·№ 503 ·02.07.2015
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера"

Күшін жойған Қаулы ·№ 503 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года № 1339 "Об утверждении Правил назначения и выплаты социального пособия, а также определения его размера"
Атауы (қаз.)
"Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
503
Қабылданған күні
02.07.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2015 91289_212358.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000503
ЭКБ идентификаторы
91289
Редакция идентификаторы
91289_212358
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:16

0 «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері айқындалсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 503 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1339 қаулысымен
бекітілген
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері

1. Нақты қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі – жәрдемақы) мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 136-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақыны есептеу мен оның мөлшерін айлық шектеу тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіш қолданыла отырып, екі бөліп жүргізіледі.

3. Айлық жәрдемақының мөлшері, еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.

4. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

5. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

6. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Қолданыстағы