О внесении изменения и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой, предпроектной и проектной документации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой, предпроектной и проектной документации"
- Атауы (қаз.)
- "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 70-Ө
- Қабылданған күні
- 26.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2021 51748_532851.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006166_
- ЭКБ идентификаторы
- 51748
- Редакция идентификаторы
- 51748_532851
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:43
0
"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы № 128 (1331) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықта:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
«4) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;»;
26-тармақтың:
4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялар;»;
10) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«қалдықтарды кәдеге жарату кезінде;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1. Технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері.
42-1. Көлік құралдары мен жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін ҚОӘБ осы Нұсқаулыққа сәйкес тиісті жоба шеңберінде өткізіледі.
Сонымен бірге, техника мен жабдықтың экологиялық қауіпсіздігін негіздейтін материалдар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерімен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауын қамту керек. Қабылданған техникалық регламенттер жоқ болған жағдайда, халықаралық стандарттармен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауы жүргізіледі.
42-2. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетіндерді (әкелінетіндерді), өндірілетіндерді қоса алғанда, көлік құралдары мен жабдықты қоспағанда өздік (әзірленген және қолданылуға жоспарланған) технологияға, техникаға құжаттама үшін ҚОӘБ мынадай құжаттар негізінде жүргізіледі:
1) технологиялық процестің және жабдықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасы, олардың сыныпталуын;
ұсынылып отырған технологиялар мен техникалық шешімдердің ғылыми жаңалығын және тәжірибелік бағалануын;
технологиялық жабдықтың қоршаған ортаға эмиссиясын анықтау және есептеудің әдістемелік ыңғайдың сипаттамасын және бағалануын;
қоршаған ортаға түсетін ластаушы заттардың толық номенклатурасын (тізбесін) және олардың сипаттамасын;
Қазақстан Республикасында олардың бар болуын көрсетумен түзілетін қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялардың талдануын, не олар болмаған жағдайда технологияны кәдеге жарату кезінде жоғары экологиялық қатердің талдануын, не оның экономикалық орынсыз екендігін;
технологияны, техниканы және жабдықты қолданумен байланысты экологиялық салдарды бағалауды (болжамдау) сипаттайтын түсіндірме жазба;
2) қолданылатын технологияға талаптар кешенін (көрсеткіштер, нормалар, ережелер, қағидалар) қамтитын ұйымның (техникалық жағдайы) стандарты;
3) қоршаған ортаның әсерін бағалаудың белгіленген көрсеткіштерін (бар болған жағдайда) сақтау қамтамасыз етілетін технологияның, техниканың, жабдықтың аталған түрін қолдану рәсімі көрсетілетін пайдалануға беру бойынша нұсқаулық;
4) алдын ала жүргізілген сынақтар (зерттеулер) бойынша материалдар (хаттамалар, анықтамалар, есептер);
5) сәйкестік сертификаттары (бар болған жағдайда);
6) технологияның, техниканың, жабдықтың олардың қолда бар ұқсас түрлерімен салыстырғандағы сипаттамасы, технологиялық үрдістің сипаттамасы.».