Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой, предпроектной и проектной документации"

Бұйрық · № 72-П · қабылданған 19.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2007-no-204-ekb-65081/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой, предпроектной и проектной документации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 72-П ·19.03.2012
30.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой, предпроектной и проектной документации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 72-П · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой, предпроектной и проектной документации"
Атауы (қаз.)
"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
72-П
Қабылданған күні
19.03.2012
Көрсетілген редакция
30.07.2021 65081_532863.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007595
ЭКБ идентификаторы
65081
Редакция идентификаторы
65081_532863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:47

0

"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік реестрiнде № 4825 тіркелген, 2007 жылғы 22 тамызда № 128 (1331) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықта:
3-тармақтың 5)-тармақшасы алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Нұсқаулықта төмендегідей негізгі терминдер мен айқындамалар қолданылып отыр:
1) әсер - адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, топырақты, жер қойнауын, ауаны, климатты, ландшафты, тарихи ескерткіштер мен басқа да материалдық объектілерді, осы факторлар арасындағы өзара байланысты қоса алғанда қоршаған орта үшін көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің кез келген зардабы; ол сондай-ақ мәдени мұра мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тигізілген зардаптарды да қамтиды, осы факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады;
2) зардап - көзделіп отырған шаруашылық немесе өзге де қызметтің әсерінің нәтижесі және содан пайда болған, қоршаған табиғи және (немесе) әлеуметтік-экономикалық ортада көрініс тапқан өзгерістер;
3) жұртшылықтың қатысуы (қоғамдық пікірді ескерту) - қоғамдық пікірді білу және әсерді бағалау барысында оны ескерту мақсатымен жұртшылықты жоспарланған қызмет туралы және оның қоршаған ортаға ықтимал әсері туралы хабардар етуге бағытталған, ҚОӘБ шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар кешені;
4) ҚОӘБ бойынша құжаттаманы әзірлеуші - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүзеге асыратын, аталған қызметті жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген тиісті лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға;
5) қоғамдық талқылаулар - халықтың (жұртшылықтың) мүдделерін қозғайтын көзделіп отырған қызметті орындау жөніндегі шешімдерді қабылдауға оның қатысуына кепілдік беретін тура және кері ақпараттық байланысты қамтамасыз ететін, ҚОӘБ-тің құрамдас бөлігінің жалпылама атауы;
6) өзгеру - қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріндегі және (немесе) олардың үйлесіміндегі қайтымды және (немесе) қайтымсыз өзгеріс;
7) тапсырыскер - қызметтің осы түріне қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша құжаттаманы дайындау үшін жауапты және көзделіп отырған қызмет бойынша құжаттаманы экологиялық сараптамаға ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;
8) экологиялық сүйемелдеу - көзделіп отырған қызметті жүзеге асырудың барлық сатыларында оған экологиялық негіздеме беру бойынша ұйымдық-техникалық және қисынды түрдегі өзара байланысқан әрекеттердің жүйелілігін қамтамасыз ететін рәсім.";
5-тармақтың 8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жұртшылықтың қатысуы - ҚОӘБ өткізілуі барысында жұртшылықтың ҚОӘБ туралы ақпаратқа қол жеткізуі қамтамасыз етіледі және қоғамдық тыңдаулар (ҚОӘБ материалдарының қоғамдық талқылаулары) өткізіледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының барысында ҚОӘБ рәсімі нәтижелері мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына жіберілетін жүйелі іс-қимылдар реті бойынша өткізіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін құжаттаманы әзірлеу кезеңдеріне сәйкес, олардың дәйекті түрде нақтылануын және айқындалуын көздейтін ҚОӘБ сатыларына атау беріледі:
1) қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (Алдын ала ҚОӘБ);
2) қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ);
3) "Қоршаған ортаны қорғау" тарауы.";
11, 12, 13, 14-тармақтар алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. ҚОӘБ өткізудің "Көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау" (бұдан әрі - Алдын ала ҚОӘБ) бірінші кезеңінің барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаның құрамындағы өзгерістердің және қоғам өмірінде және қоршаған ортадағы олардың келтіретін зардаптарының ықтимал әлеуетті бағыттары айқындалады.";
21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) объектілер мен құрылыстарды салу мен пайдаланудың қалыпты (штаттық) режимінде және апаттық жағдайларда (әсер етудің көздері, түрлері, дәрежесі мен аймақтары, оның ішінде ластағыш заттардың түрі, құрамы, бағдарлық көлемдері, өндіріс және тұтыну қалдықтарының сипаты - улылықтың түрі, көлемі, қауіптілігі) көзделіп отырған қызмет әсерінің түрлерін құрамдық-сапалық жағынан сипаттау;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жобалау алдындағы бағалау сипатындағы құжаттама (бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық есептер (бұдан әрі - ТЭЕ), техникалық-экономикалық көрсеткіштер (бұдан әрі - ТЭК) және басқа да оларға ұқсас жобалау алдындағы құжаттар), сонымен қатар "Алдын ала ҚОӘБ" қоса алғанда жобалау алдындағы негізгі құжаттама – "Инвестицияны негіздеу" мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылады.";
26-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"26. ҚОӘБ өткізудің екінші кезеңі - "Қоршаған ортаға әсерді бағалау" көзделіп отырған шаруашылық қызметінің нақты объектілері мен құрылыстарының қоршаған ортаға (1, 2-қосымша) әсерінің барлық аспектілері толық көлемде жете талдауды көздейді және ол қоршаған ортаның құрамдас бөліктері бойынша төмендегідей материалдарды қамтиды:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өндіріс және тұтыну қалдықтары:
қалдықтардың түрлері және пайда болу көлемдері;
аумақтың өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының ерекшеліктері (қауіптілік индексі, улылығы, физикалық күйі);
қалдықтардың барлық түрлерін залалсыздандыру, кәдеге жарату, көму бойынша ұсынымдар;
қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялар;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтеріне жету бойынша ұсыныстар";
27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс құжаттамасына "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімін (бұдан әрі – Бөлім) әзірлеу ҚОӘБ рәсімінің үшінші кезеңі болып табылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бөлімнің құрамы мен мазмұны көбінесе ҚОӘБ екінші кезеңінің материалдарына ұқсас келеді.
Қоршаған ортаға әсердің сипаттамасы мен параметрлері үшінші кезеңде:
жобалық құжаттамада қарастырылатын нақты техникалық шешімдерге сәйкес анықталуы керек;
қысқаша түрде, бірақ қабылданған шешімдерді талдауға және қоршаған ортаны қарастырылатын объектінің теріс әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде баяндалуы керек.";
36, 37, 38, 39, 40, 41, 42-тармақтар алынып тасталсын;
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Трансшекаралық әсері бар объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасын өткізу ерекшеліктері";
43, 46 және 47-тармақтар алынып тасталсын;
3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

0 ҚОӘБ материалдарын әзірлеу сатыларының Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттаманы орындаудың сатыларына сәйкес келуі

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 72-Ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-Ө
бұйрығымен бекітілген жоспарлау
алдындағы, жоспарлау, жобалау
алдындағы және жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде
көзделіп отырған шаруашылық және
өзге де қызметтің қоршаған
ортаға әсерін бағалауды жүргізу
тәртібі туралы Нұсқаулыққа
3-қосымша
ҚОӘБ материалдарын әзірлеу сатыларының Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттаманы орындаудың сатыларына сәйкес келуі
ҚО­ӘБ ма­те­ри­ал­да­рын әзір­леу са­ты­ла­ры
Өн­ді­рі­стік мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер мен құ­ры­лы­стар­ды са­лу­ды жо­ба­ла­удың са­ты­ла­ры
Қа­ла құ­ры­лы­сын жо­ба­ла­удың са­ты­ла­ры (ҚР ҚН­мЕ 3.01-07-2001 сәй­кес)
1. Қор­ша­ған ор­та­ға әсер­ді ал­дын ала ба­ға­лау
Ал­дын ала ҚО­ӘБ (ҚО­ӘБ бі­рін­ші са­ты­сы)
Ин­ве­сти­ци­я­лар­ды, со­ны­мен қа­тар ТЭН, ТЭЕ, биз­нес-жос­пар­ды және бас­қа жо­ба­лау ал­дын­да­ғы құ­жат­тар­ды ҚР ҚН­мЕ 2.2-01-2001 2.1, 3.1-тар­мақ­та­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сәу­лет­ші­лік, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс ту­ра­лы» за­ңы) негіз­деу, кен ор­нын өң­де­удің тех­но­ло­ги­я­лық сұл­ба­ла­ры мен жо­ба­ла­ры.
Қа­ла құ­ры­лы­сын жос­пар­ла­удың, об­лы­стар­дың аумақ­та­рын да­мы­ту­дың ке­шен­ді сұл­ба­ла­ры және қа­ла құ­ры­лы­сын жос­пар­ла­удың, әкім­ші­лік аудан­дар­дың аумақ­та­рын да­мы­ту­дың ке­шен­ді жо­ба­ла­ры. Қа­ла­ның бас жос­па­ры­ның тұ­жы­рым­да­ма­ла­ры (ұзақ мер­зім­ді да­му қыз­ме­ті бо­лжам­да­ры).
2. Жо­ба – жұ­мыс құ­жат­та­ма­сы Жо­ба­лық құ­жат­та­ма­сы екі са­ты­сын­да жа­са­ла­тын – қыз­мет­тің ауқым­ды және (неме­се) эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­ті түр­ле­ріне ар­нал­ған ҚО­ӘБ – Қор­ша­ған ор­та­ның әсе­рін ба­ға­лау (ҚО­ӘБ екін­ші са­ты­сы)
Жо­ба (ҚР ҚН­мЕ 2.2-01-2001 2.3, 3.10, 4.1-тар­мақ­та­ры), кен ор­нын ұй­ым­да­сты­ру жо­ба­ла­ры
Ірі қа­ла­лар­дың бас жос­пар­ла­ры. Ірі өнер­к­ә­сіп­ті ай­мақ­тар­дың және өнер­к­ә­сіп­тік аудан­дар­дың жос­пар­лау жо­ба­ла­ры
3. «Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау» та­ра­уы. Жұ­мыс құ­жат­та­ма­сы­ның құ­ра­мын­да осы та­рау «Жо­ба» са­ты­сы­на ар­на­лып жа­са­ла­тын (осы ке­зең­де ҚО­ӘБ үшін­ші са­ты­сы орын­да­лу­да) ҚО­ӘБ тү­зе­туі бо­лып та­бы­ла­ды.
Жұ­мыс құ­жат­та­ма­сы (ҚР ҚН­мЕ 2.2-01-2001 2.3-тар­ма­ғы)
50 мың­нан кем тұр­ғы­ны бар қа­ла­лар­дың, кент­тер­дің және ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­дің бас жос­пар­ла­ры. Кі­ші­гі­рім өнер­к­ә­сіп ай­мақ­та­рын және өнер­к­ә­сіп аудан­да­рын жос­пар­ла­удың жо­ба­ла­ры
«Жұ­мыс Жо­ба­сы» құ­жат­та­ма­сы­ның құ­ра­мын­да қыз­мет­тің ша­ма­лы және (неме­се) эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз түр­ле­рі үшін ҚО­ӘБ екін­ші са­ты­сын жа­сау дең­гей­ін­де ег­жей- тег­жей­лі тал­дау іс­ке асы­ры­ла­ды
Жұ­мыс жо­ба­сы (ҚР ҚН­мЕ А 2.2-1-2001)

Қолданыстағы