О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 544
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 544
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 513
- Қабылданған күні
- 13.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2012 AI58927_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000513
- ЭКБ идентификаторы
- 58927
- Редакция идентификаторы
- AI58927_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:21
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
1-тармақ «17 қаңтардағы» деген сөздерден кейін «және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «темір жол, теңіз, өзен көлігімен» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацы «көлігімен» деген сөзден кейін «қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жолаушыларды қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен тасымалдау.»;
9-тармақта:
«барлық қажетті құжаттармен қоса» деген сөздер «осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қоса» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы шешімді қабылдау мерзімі лицензиардың қолданыстағы заңнама мен нормативтерде белгіленген санитарлық қағидаларға сәйкес жолаушыларды тасымалдауға автобустар мен микроавтобустардың сәйкестігі туралы куәландыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алуын қамтиды.»;
14-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығына жататын, жалға беру шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде автобустар мен микроавтобустардың;
2) автобустар мен микроавтобустарда тахографтардың және оларды Салыстырып тексеру туралы тиісті сертификаттың;
3) автобустар мен микроавтобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы қолданыстағы куәліктердің;
4) жеке тұлға үшін — тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін — тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілер құрамының;
5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен (-дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың;
6) автобустар мен микроавтобустарға рейс алдындағы техникалық байқау және жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық байқау жүргізу үшін қызметтер мен білікті персоналдың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың;
7) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілей отырып, бұйрық көшірмелерінің болуын қамтиды.».