О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 544 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по перевозке пассажиров"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 544 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по перевозке пассажиров"
- Атауы (қаз.)
- "Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1645
- Қабылданған күні
- 29.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2012 AI62581_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001645
- ЭКБ идентификаторы
- 62581
- Редакция идентификаторы
- AI62581_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:33
0 "Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 250-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
3 Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1645 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 маусымдағы
№ 544 қаулысымен
бекітілген
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:
1 1) темір жол көлігімен:
аттестатталған мамандардың (мамандардың тізбесін, аттестаттауды жүргізу тәртібін және қажетті білім көлемін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді);
жолаушылар тасымалдауға арналған, тасымалдау үдерісі қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрамның;
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
жылжымалы құрамның паркін және басқа да өндірістік активтерді сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалардың;
жолаушылар тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды;
2 2) қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығына жататын, жалға беру шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде автобустар мен микроавтобустардың;
автобустар мен микроавтобустарда тахографтардың және оларды Салыстырып тексеру туралы тиісті сертификаттың;
автобустар мен микроавтобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы қолданыстағы куәліктердің;
автобустар мен микроавтобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің;
жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың;
автобустар мен микроавтобустарға рейс алдындағы техникалық байқау және жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін білікті персоналдың (инженер-механиктің) (медициналық қызметкердің) немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың;
тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілей отырып, бұйрық көшірмелерінің болуын қамтиды.